ДИКТОР:Шоқан Уәлиханов атындағы университетінде үшінші республикалық педагогикалық форум өтті. Іс-шараға 130-дан астам мектеп директорлары мен оқу жөніндегі орынбасарлары қатысты. Республикалық педагогикалық форум жыл сайын өткізіліп келеді.

РКС:Республикалық педагогикалық форум – педагогқызметкерлерге арналған кәсіби шара. Ол университет базасында өткізіліп, өңірдің білім беру кеңістігінің барлық қатысушылары үшін диалог алаңы саналады. Әр қатысушы өзін қызықтыратын сұрақтар қойып, оған жауап ала алады.

СНХ: АРДАҚ АХМЕТЖАНОВА, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі күн тәртібінде өте өзекті тақырыптар қозғалады. Университет деңгейінде әкелер кеңесінің тақырыбы көтерілгені қуантады. Биыл ұлттық бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарлама аясында аналар клубтарын, әкелер клубтарын құру бағыты бар. Мектеп деңгейінде біз, әрине, осындай клубтар құрдық. Бірақ бұл жаңаша дүние болғандықтан, бұл мен үшін қызықты. Мен көбірек ақпарат алғым келеді.

РКС: Шараның басты мақсаты – өңірдегібілім беру ұйымдарының байланысы мен өзара іс-қимылы үшін үздіксіз педагогикалық білім беруді дамыту. Сондай-ақ, қазіргі еңбек нарығының барлық талаптарына сай жоғары білікті мамандарды даярлау сапасын арттыру. Форум аясында педагогикалық білім беруді дамытуға бағытталған маңызды жобалардың өзекті мәселелері көтеріліп, идеялар айтылды.

СНХ: НҰРГҮЛ НҰРМҰҒАМБЕТОВА, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІХИМИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бүгінгі республикалық форум мектеп пен жоғары педагогикалық білім арасындағы диалог алаңына айналады. Біз қазір елде жоғары білім мен оның ішінде орта білім берудегі белгілі бір өзгерістер мен реформалар бар екенін білеміз. Міне, мен зерттеу құзыреттілігін дамыту тұрғысынан мектеп пен университеттің өзара іс-қимыл мәселесін қарастырамын. Біздің университетте екі жоба жүзеге асырылуда. Мұнда біздің профессорлар мен ғылыми қызметкерлер мектеп жобалары бойынша кеңесшілер болып істейді. Біз өз зертханаларымызды, шеберханаларымызды ашамыз. Оқушылар өз зерттеулерін жүргізе алады.

РКС: Форум ақмолалық оқушылар мен студенттер үшін болашақтатиімді жағдай жасау мақсатында педагогтарды біріктіріп, білім беру саласына инновациялар әкеледі, - дейді қатысушылар.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, АЛИШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ