ДИКТОР: Бұдан кейін Премьер-Министр облыс орталығындағы «ENKI» серіктестігінің және «KAZROST ENGINEERING LTD» жеке меншік компаниясының жұмысымен танысты. Аталмыш кәсіпорындар еліміздегі ірі өндіріс ошақтары. Мемлекеттің қолдауын пайдаланып, ел дамуына айтарлықтай үлес қосып отыр.

РКС: «ENKI» серіктестігі 2006 жылдың ақпан айында ашылған. Ондағы мақсат "Жылына 60 миллион кірпіш өндіретін зауыт салу" инвестициялық жобасын іске асыру болатын. Қазіргі таңда серіктестік жылына 95 миллион кірпіш шығаруға қауқарлы. Бұл жерде М-150, М-175 және М-300 маркалы кірпіштер шығады. Кәсіпорында испаниялық фирмалардың технологиялық желісі орнатылған. Өндіріс процесінің барлық кезеңдері автоматтандырылған және компьютерлік техникамен бақыланады.

СНХ: МЫРЗАБАЙ ӘБДІХАЛЫҚОВ, «ENKI» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Зауыттың қуаты жылына 95 миллион кірпіш шығарамыз. Қазіргі уақытта сол зауытта 400ге жуық жұмысшылар қызмет істейді. Зауыттыңкірпішін Қазақстанның түкпір-түкпіріне жібереміз. Қазіргі уақытта зауыт «Жайлы мектеп», «Ипотечное кредитование», тұрғын үйлерге біз сол кірпіш береміз. 120ға жуық кірпіш түрлерін шығарамыз. Қазіргі уақытта зауытта үлкен блоктар шығара бастадық. Тратуарный плитка дейміз жаңағы жерге төсейтін. Тағы сондай сондай продукциялар қазір шығара бастадық.

РКС: ENKI серіктестігі Қазақстанның кірпіш өндірісінің флагманы. Өндірісте заманауи технологиялар мен жабдықтар қолданылады, технологиялық процестер мен өнім сапасы қатаң сақталады. Серіктестік "Қазақстан көшбасшысы-2013" дипломын, 2017-жылы "Қазақстанның үздік тауары" номинациясын иеленген. Өңір дамуына елеулі үлес қосып жүрген компаниялардың тағы бірі - «Kazrost engineering LTD». Компания ауыл шаруашылығы техникаларын жасаумен айналысады. Зауыт қазақстандық нарық үшін жылына 2 мыңнан астам техника шығарады.

СНХ: АЗАМАТ ЖАҚЫПОВ, «KAZROST ENGINEERING» ЖЕКЕ МЕНШІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі таңда Kazrost Engineering компаниясы ауылшаруашылығы техникасын шығарумен айналысады. Біз Россельмаш брендінің Вектор-410 және Акрос-550 комбайндарын жасаймыз. Сонымен қатар, біздің компания YTO брендті тракторларының екі моделін YTO-X-904 және YTO-X-1304 шығарады. Компаниямыз ашылған кезде 80 шақты адам еңбек еткен, қазіргі таңда 170-тен астам қызкеткеріміз бар. 2024 жылдың бірінші мамырындағы жағдай бойынша айтар болсақ, біз 2000ға жуық комбайн және 1000 трактор жасадық. Компаниямыздың жылдық қуаттылығы жылына мың трактор мен мың комбайн.

РКС: Қос компанияның жұмысымен танысқан Олжас Бектенов елдің дамуына үлес қосып отырған кәсіпорындардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ