ДИКТОР: Облыс аумағында «Елге қызмет - абыройлы міндет» жобасы сәтті жүзеге асуда. Осы жылдың бірінші тоқсанында Отан алдындағы борышын өтеп келген бірқатар жас жұмыспен қамтылды. Облыстық полиция департаментіне 81 адам жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар әскери борышын өтеп келген жастар еліміздегі жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант есебінен білім ала алады.
РКС: Биыл Ақмола облысы бойынша 453 адам келісім-шарт бойынша қызметке жіберілді. Оның 275-і қарулы күштерге, мемлекеттік күзетке-15, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне - 163, Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне 12 адам жұмысқа қабылданды. Тағы 36 адам облыстық төтенше жағдайлар департаментіне өрт сөндіруші, көлік жүргізушісі болып жұмысқа орналасты.
СНХ: УМАР ШОНАЗАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ: Әскери борышын ертерек өтеп келген үміткерлер де келуде. Әскери борышын өтемегендер бар, олармен біз түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Келісімді қызметті болашағын әскери саламен байланыстырғысы келетін үміткерлер таңдай алады. Олар республикамыздың кез келген университетіне түсе алады. Оларға грант беріледі. Ол үшін қорғаныс істері жөніндегі департаментке, жастар ресурстық орталығына бару керек. Сол жерде толық ақпарат беріледі.
РКС: Жоба әскери борышын өтеп жүрген жастарды жұмысқа орналастыруға, патриоттық және Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыруға бағытталған. Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы арқылы биыл 150-ден аса жас жұмысқа орналасқан.
СНХ: ЖАНАТ ЕРЕЖЕПОВ, "ҚАРУЛЫ КҮШТЕР АРДАГЕРЛЕРІ" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: борышын өтеп, куәлік алған жігіттеріміз жоғары оқу орнына грантпен оқуға түссе деген бағдарламамен жұмыс істедік. Бүгінде біздің Қорғаныс министрлігі бұл бағдарламаны жүзеге асыруда. Заңнамалық күші бар. Яғни, әскери борышын өтеген сарбаздарға мемлекеттік грант қарастырылған.
РЗК: Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жастар ресурстық орталығымен осы бағыттағы жұмысты күшейтуді жоспарлап отыр.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ