ДИКТОР: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов облысқа іс-сапары аясында Макинск құс фабрикасының жұмысымен танысты. Еліміздегі ең ірі құс фабрикасының даму қарқыны қандай? Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Макинск құс фабрикасы - Орта Азиядағы ең ірі нысан. Компания жылына 100 мың тоннаға жуық құс етін өндіреді. Фабрика 2027 жылға қарай өндіріс көлемін бес есеге дейін ұлғайтып, жылына 300 мың тонна құс етін өндіруді көздеп отыр. Ондағы басты мақсат - қазақстандықтардың құс етіне деген сұранысын 50 процентке қамтамасыз ету.

СНХ: РИШАТ РАИСОВ, "МАКИНСК ҚҰС ФАБРИКАСЫ" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Біздің кәсіпорын салқындатылған, мұздатылған және маринадтталған жартылай өнімдердің 70 түрін шығарады. Компания өнімдеріміздің қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығына үлкен көңіл бөледі.

РКС: Макинск құс фабрикасы өнімдерін тек еліміз бойынша ғана емес, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейге экспорттайды. Кәсіпорынның ішіне толығымен еуропалық өндірушілердің жабдықтары қойылған. Макинск құс фабрикасы "Aitas KZ" холдингінің құрамына кіреді. Акционерлік қоғам фабрикаға жылына 350 млрд теңгеге жуық инвестиция құйып отыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта Алматы қаласында жылына 100 мың тонна құс етін шығаратын фабрика салуды көздеп отыр. Сонымен қатар, Үкімет басшысы Олжас Бектенов "Макинск Жылу оқшалау зауыты" серіктестігіне барып, өндіріс барысымен танысты. Зауыт 2019 жылы іске қосылған.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЖАСҰЛАН МҰХАМЕТЖАН, «МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАЛАУ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Биыл біз өнімді жаңғыртуды жоспарлап отырмыз. Оның бір бөлігі былтыр басталды. Бірінші кезең "Fas" неміс компаниясының жабдығы арқылы жүзеге асырылды. Бұл полимерленген қалдықтарды өңдеуге арналған. Яғни, бүгінде қалдықсыз өндірісіміз бар. Барлық стандартты өнімдер, былайша айтқанда, толығымен ұнтақталған және кілемге қайта қосылады. Екінші кезең, біз славяндық компаниямен келісім-шартқа отырдық. Соның арқасында біз қолданыстағы 34 мың тоннаның жобалық қуатын 50 - 55 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Келер жылы үшінгі кезеңге жүзеге асырамыз. Яғни, химиялық тазалауды орнату. Бұл жерде біз алға қойған екі мақсат бар. Әрине, экологиялық тазалық. Бұл қоршаған ортаға эмиссияларды минимумға дейін төмендетеді; қазіргі заманғы химиялық тазалау жабдықтарын орнату процесі коксты үнемдеуге әкеледі;

 РКС: Макинск сияқты шағын қала үшін жылу оқшаулау зауытын салу өте маңызды оқиға болды. Өндіріс іске қосылған соң 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылған. Кәсіпорын мемлекеттік бюджетті толықтырудың қосымша көзі болып тұр.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ