ДИКТОР: Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл. Осыған орай облыс орталығында грек-рим күресінен жарыс ұйымдастырылды. Турнирге 2011-2013 жылы туған спортшылар қатысты.

РКС: Дәстүрлі турнирдің ұйымдастырылып жатқанынан биыл 10-ыншы жыл. Бұл жолғы іс шара бірнеше атаулы даталарға арналып отыр.

СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ АҚМОЛА ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл турнир Халық Қаһарманы, Совет Одағының батыры, ҚР-ның алғашқы Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтың 100 жылдығы, Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына, сонымен қатар Ауған жерінен Кеңес Одағы әскерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орайластырып отыр.

РКС: Жарысқа Көкшетау, Степногорск қалаларының, Жарқайың, Жақсы және Атбасар аудандарының спортшылары жиналған. 73 спортшының ішінен үздіктерді анықтау оңайға соқпаған.

СНХ: ХАН АМАНГЕЛДІ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ (ЖАҚСЫ АУДАНЫ): Мен күреспен 3 жылдан бері айналысып келемін. Әлі жекпе жекке шыққаным жоқ. Жүлделі орын алудан үміттімін. Бұған дейін республикалық турнирда бірінші орын алған болатынмын.

РКС: Турнирде 12 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды. Жүлделі орын иегерлерін салтанатты түрде марапаттап, медаль табыс етілді.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ