ДИКТОР: ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапары аясында Көкшетау қаласында болды. Үкімет басшысы жылу беру маусымына дайындық шараларымен танысты. Инженерлік құрылымдардың, атап айтқанда, облыс орталығындағы 2-ші жылу қазандығының жай-күйі туралы есеп тыңдап, жауапты сала мамандарына тиісті тапсырмаларды жүктеді.
РКС: 2-ші жылу қазандық 1998 жылы пайдалануға берілді. Қазіргі таңда 56 мың абонентті жылумен қамтамасыз етіп отыр. Қазандықтың шекті өндірістік қуаты сағатына 300 Гкал-ға жетеді. Үкімет басшысы жылу беру маусымында әртүрлі жағдайлар орын алмас үшін, жазда қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Жөндеу жұмыстарын жүргізу апат деңгейін төмендетіп, халықты үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.
ИНТЕРШУМ:
РКС: 1-ші және 2-ші жылу қазандықтарының жөндеу жұмыстарына мемлекет бюждетінен 816 миллион теңге бөлінді.
СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Мемлекет басшысы жылу маусымына дайындық жұмыстары мен жылу желілерінің жөндеу жұмыстарына айрықша көңіл бөліп отыр. Бұл бізге 2 бу және көмір қазандығын жөндеуге мүмкіндік береді. Жалпы, мұның барлығы жылу беру маусымының кедергісіз өтуіне және қаламыздың тұрғындарын сенімді және тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
РКС: Арнайы құжаттар әзірленіп, конкурстар өткізіліп, мердігерлер анықталды. Тиісті басқармаларға бюджеттік өтінімдер жолданды, қаржы бөлінеді деп күтілуде. Айта кетерлігі, Көкшетау қаласындағы 189 шақырым жылу желілерінің 43 пайызға жуығы тозған. Биыл жоспарланған 6 шақырым жылу құбырын жөндеу бұл көрсеткішті 41 пайызға дейін төмендетеді.
СНХ: РУСЛАН МӘКІШЕВ, «КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ» МЕКЕМЕСІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Былтыр жазда 8, 9 және 10-шы қазандыққа жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Сондай-ақ, 2 мұржа және теміржол жолдары жөндеуден өтті. 3 шақырымнан астам магистральдық және блокішілік желілерді ауыстырдық. Енді келер жылы тағы қазандықтарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындалып жатырмыз. Биыл екі бу қазандығы қондырғысына жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ 8,9,10 қазандық қондырғысының конвективті бөлігін ауыстыру көзделіп отыр. Жылу оқшаулауды қалпына келтіру үшін де жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
РКС: Қазіргі уақытта облыс орталығында жылу электр орталығын салу көзделіп отыр. Бұл қаланың жылу және электр энергиясына деген өсіп келе жатқан қажеттілігін қанағаттандыру үшін керек. Оның жылу қуаты – 520 Гкал/сағ, электр қуаты – 240 МВт болады деп жоспарлануда.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ