ДИКТОР: Биылдың бірінші тоқсанында Шортанды ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері орындалды. 171 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бөлшек сауда айналымы 1 жарым млн. теңгеден асады. Ауданда жолдар мен халықтың тұрмысын жақсартуға баса назар аударылған. Абаттандыру жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

РКС: Су тасқыны салдарынан жыл басы оңай болмағанын Шортанды ауданының әкімі өз сөзінде айтып кетті. Апатты алдын алу жұмыстары жасалды. Бірақ тұрғын үйлерге еріген қар суының кіру болды. Қызыл судан бірнеше бағыттағы жолдарда қатынас болған жоқ. Бүгінде аудан аумағында қозғалыс қалпына келтірілді.

СНХ: САҒЫНДЫК ШАБАРОВ, ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: 5 бағыт жол бойынша су тасқыны болды. Оның ішінде 4 аудандық маңызы бар, 1 облыстық маңыздағы жолды су шайып кетті. Оның ішінде қазіргі кезде 4 жол бойынша күрделі жөндеу аяқталды. 1 жол бойынша, Степной ауылымен Шортанды кентінің ортасындағы су бөгетінде қазіргі кезде жөндеу басталды. Осы айдың соңында аяқтау жоспарда бар. 03,07

РКС: Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар қолдаусыз қалған жоқ. Жергілікті бюджеттен 34 отбасыға 12,6 млн. теңге берілді. Аудан тұрғындарының мәселелерін шешу жолында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Пайдалануға берілген баспаналардың жалпы ауданы 3477 шаршы метрді құрайды.

СНХ: САҒЫНДЫК ШАБАРОВ, ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: 2024 жылдың 1 тоқсанында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 31,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 2,2 млрд. теңгеге артық. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі-115,7 % құрады. Бұл облыстық рейтинг бойынша 4 орын. Біздің алдымызда тағы бір міндет тұр – Агроөнеркәсіптік кешенде нақты серпіліске қол жеткізу. Есепті кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,7 млрд. теңгені құрады.

РКС: Қазіргі уақытта ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілері көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстарын жүргізуде. Биылғы орақ науқанына 23 жарым мың тонна тұқым дайын. Бұл қажеттіліктің 100 пайызы. Сондай-ақ, Шортанды ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 7 жоба жүзеге асырылуда. Тұрғындарды жылумен, электр энергиясымен және ауыз сумен қамтамасыз етуге де көп көңіл бөлінеді.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ