ДИКТОР: Облыстағы жас отбасыларға арналған «Family life» шығармашылық фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Шараның мақсаты -отбасылық құндылықтарды, рухани-адамгершілік қасиеттерді қайта жандандыру.

РКС: Шараға қатысушылар отбасыдағы өзекті мәселені анықтауға, өмірдегі түрлі отбасылық мәселелерді шешуге, талқылауға белсене қатысты. Жас отбасылар Степногорск, Көкшетау қаларынан, Ерейментау, Бұланды, Біржан сал, Зеренді аудандарынан келген.

СНХ: АЙГҮЛ НҰРМАҒАНБЕТОВА, «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» ҚБ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 15 мамыр – Дүниежүзілік Отбасы күнін атап өтеміз. Мереке қарсаңында жас отбасыларды жинадық. Отбасылық қатынастар жайлы әңгіме өрбіттік. Бүгінгі таңда қоғамда не болып жатқаны әрқайсымызды толғандырады. Біз отбасылық құндылықтарды, жас отбасылардағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, ажырасудың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргіздік. ////

РКС: Тренинг қатысушыларының қатарында Ақылбековтер отбасысы да бар. Жастардың айтуынша, мамандар өткізген шара пайдалы, әрі тиімді.

СНХ: ДИНАРА АҚЫЛБЕКОВА, «FAMILY LIFE» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ: Осындай диалог алаңында өте керемет іс-шара өтті. Отбасылық құндылықтар туралы бір-бірімізбен мәліметтерді, тәжірибемізді бөлістік. Көп пайдалы информация алдық.

РКС: Алдағы уақытта «Сенімен болашақ» ұйымы жас отбасылармен бірге басқа аудандарға шығып, отбасы институты тақырыбында тренинг өткізбек.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ