ДИКТОР: Ақмола облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов келді. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексеріп, "Журавлевка–1" серіктестігінің егіс науқанының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті.

РКС: Серіктестік Бұланды ауданының жетекші агроқұрылымдарының бірі. Қазіргі уақытта егіс кешеніне тұқым себу жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, майлы дақылдар егіледі. Егіс алқабы биыл 89 мың гектарға жуық. Жалпы, қазіргі уақытта облыс бойынша 510 мың гектар алқапқа дән себілді. Премьер-министр сонымен қатар отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

ЛЮФТ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Знаете что Президент поручил в этом году усиленно дать поддержку аграрии. Прошлый год сложный был. Вы все это знаете. В прошлом году помогли как смогли. в этом году сначала посевной 580 млрд уже предусмотрено. 400 по 5 процентов без всяких посредников. По дизелю тоже помогаем. 370 тысяч тонн. Выделено еще сейчас дополнительно. 36 еще мы сделали. Максимально что возможно от государство делать.

РКС: Үкімет басшысына Бараев атындағы Астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығында селекция нәтижесінде алынған майлы, бұршақ және жемшөп дақылдарының сорттары ұсынылды. Мекемеде барлығы 105 сорт құрылып, Қазақстанның мемлекеттік тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта түпнұсқа тұқымдарды өндіру 18 дақыл, 50 сорт бойынша жүргізілуде.

ИНТЕРШУМ:

 СНХ: ЕРЛАН ТОҚАНОВ, "ЖУРАВЛЕВКА-1" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі уақытта біз егіс компаниясына 100 процент дайынбыз. Тұқымдар толығымен қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда 4 мың гектарға жуық күнбағыс егілді. 1 мыңға жуық дәнді дақылдар. сонымен қатар, егу алдындағы өңдеу жүріп жатыр.

РКС: Жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы өңірдегі ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесті. Саланы дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Барлық көтерілген мәселелер бойынша Олжас Бектенов тиісті түсініктемелер беріп, әкімдік пен жауапты министрліктерге тапсырмаларды бақылауда ұстауды жүктеді. Премьер-министрдің айтуынша, отандық өнім ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, шетелде де бәсекеге қабілетті болу керек.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ