ДИКТОР: «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы «TALQYLAU» диалог алаңында өңірдегі "Қарызсыз қоғам" жобасының іске асырылуы талқыланды. Жиында мамандар бағдарламаның тиімділігін тілге тиек етіп, атқарылып жатқан жұмыстарды саралады.
РКС: "Қарызсыз қоғам" жобасының негізгі мақсаты жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру. Бұл бағдарламаға несие бойынша қарызы бар және борышкерлер тізіміндегілер, жеңілдетілген несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыратын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қатысуда. Аталған жоба бүгінде жалпы халықтық бағдарламаға айналған. Ақмола облысы бойынша биыл 8 мың 200 адамды қаржылық сауаттылық курсынан өткізу көзделген. Күні бүгінге дейін 2 мың 500-ден аса адам аталған курстан өтті.
СНХ: ДӘУРЕНБЕК ЖҮСІПОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ МЕНТОРЫ: Бізге келетін сұрақтар әртүрлі. Мысалы 4-5 несиені қатар алған адамдар бар. Оларды қалай төлеген тиімді деген сұрақтармен келеді. Әсіресе шағын несие ұйымдарынан қаржы алғандар бұл несиені қалай жабарларын білмейді. Өйткені ол жерде төлеу графигі жоқ, мысалы Көкшетауда олардың офистары жоқ, негізінен олар Астана, Алматы қалаларында. Ол борышкерлермен біз жұмыс істейміз. Көптеген тұлғалардың еңбекақы алатын карточкалары бұғатталған. Еңбекақының 50 процентін бірінші арест салған компания алады. Шағын несие ұйымдары тарапынан заңсыз әрекеттер бар. Мысалы кейбірі борышкердің еңбекақысын толық ұстап қалады. Жеке сот орындаушылары, коллекторлар тарапынан да заңсыз әрекеттер байқалады.