ДИКТОР: «AntiParaCraft-2024». Осындай атаумен өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы І республикалық квест ойыны өтті. Жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мақсатында ұйымдастырылған додаға 9 өңірдің студенттері жиналған. Маңызы зор сайыста белсенділер қоғам дертіне айналған жемқорлыққа қарсы жобаларын ұсынды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Дода басталды. Командалар кезекпен сахнаға шығып өздерін таныстырып жатыр. Шектеу жоқ, біреулері ән айтып, би билесе, енді басқаралы шағын қойылым дайындапты. Келесі кезеңде студенттер жобаларын ұсынды. Мәселен, Маңғыстау облысынан келген құрама «Мемлекеттік сатып алу» тақырыбын таңдапты. Жастар бұл саладағы жемқорлықты жою бойынша өз ұсыныстарын айтты.
СНХ: ДАНА ЖОЛДАС, «ANTIPARACRAFT-2024» КВЕСТІНЕ ҚАТЫСУШЫ: Жалпы, шектік мөлшердегі функция енгізу, басқа өңірдің тұлғалары сол мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайтындай тыйым салу деген секілді. Мүлдем жойылмаса да, азайтуға мүмкіндік бар. Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы филиалдардың еріктісі боламыз. Волонтер ретінде жұмыс жасаймыз. Түрлі істерді зерттейміз. Қасында жүреміз. Сол себепті, осы зерттеулердің нәтижесінде антикор орталықтарының жетекшілерімен ақылдаса отырып, осындай шешімдерге келдік.
РКС: Квестте іріктеу кезеңінен сәтті өткен 9 өңірдің командалары өзара мықтыны анықтамақ. Жастар екі күн бойы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білімдерін көрсете отырып, зияткерлік пен шығармашылық кезеңдерден өтті. Жалпы, дода мақсаты - жастардың бойында сыбайлас жемқолыққа қатысты азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Ол үшін қажетті қабілеттерді дамыту.
СНХ: ЖІГЕР БАЙДИЛДИН, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ПРЕВЕНЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ең бастысы бізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдама бар. 2022-2026 жылдарға арналған. Сол тұжырымдаманың негізгі мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Қазіргі таңда бұл жұмыс кешенді түрде жүргізілуде. Қазіргі кезде жастар арасында жемқорлық ол – ұлттық дерт, жаман әрекет, яғни әрдайым өз мүмкіндігіне сен деген мәдениетті қалыптастырып, қоғамда жемқоролыққа бармайтын азаматтарды дәріптей аламыз. Сол себепті бұл жұмыс кешенді жүргізілуде.
РКС: Квест қорытындысы бойынша 3-ші орынды Маңғыстау, 2-ші орынды Батыс Қазақстан болысының командалары еншіледі. Ал 1-ші орынға павлодарлық студенттер ие болып, адалдық кубогын жеңіп алды.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ