ДИКТОР: Красный Яр ауылының Нұрлы көш аталып кеткен бөлігінде қаңғыбас иттер төрт түлікті қырып жатыр. Тіпті, малмен күн көріп отырған 1 отбасының 20 бас қойын өлтіріп кеткен. Тұрғындар балалары мен өздерінің өмірлеріне қауіп төніп тұр деп дабыл қағуда. Ал, заң жүзінде қаңғыбас иттерді атуға болмайды. Сонда оларға қандай шара қолданылмақ? Тұрғындардың шағымын тыңдар құлақ бар ма? Мәселенің анық-қанығын әріптесім Фариза Асылбекова анықтап көрді.

РКС: Бос жүрген иттерден зардап шеккендердің бірі - Нұрлы көштің тұрғыны Ернар Тұмархан. Төрт түлік малмен бала-шағасын асырап, нәпақасын тауып жүрген отағасы қаңғыбас иттердің 20 бас қойын қырып кеткенін айтады. Шағымданып талай мекеменің табалдырығын тоздырғанмен мәселе шешілмей тұр, - дейді ол.

СНХ: ЕРНАР ТҰМАРХАН, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 00:29-00:54 Участковыйға айтсақ акиматқа айт дейді. Акиматқа айтсақ, қалаға айттық дейді. Қала ойбай келіп аулап жатырмыз дейді. Аулап жатқан дымы да жоқ оның. Ит дегенің адамнан көп қазір. Адамнан көп болып кетті. Сондықтан, биылғы жылы жайлауымызға шыға алмадық. Сол себепті. Ол ит қасқыр болып кетті қазір. Адам көрсе, қашады, атқызбайды.

РКС: Малдың қырылғаны былай тұрсын, бала-шағамыз аулаға шығып емін-еркін ойнаудан қалды, - дейді тұрғындар. Әсел Қуандықованың айтуынша, бір жылдары ұлы мен қызын осы қаңғыбас иттер қауып алған.

СНХ: ӘСЕЛ ҚУАНДЫҚОВА, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Балалар кішкентай болған кезде 4-5 жасында қызды да, ұлды да бірінің артынан тістеп алған. Өзіміздің басымыздан ол өтті. Содан бері балалар мысалы ит десе қорқады. 00:42-00:46 Жүруге совсем не жоқ, қорқамыз иттерден. Өте көп. Балалар үшін қорқамыз біріншіден. Мінекей, көршіміздің де кішкентай қозысын жеп талап кетіп отыр.

РКС: Облыстық ветеринария басқармасының мамандары тек заң аясында әрекет етеміз деп отыр, Ал, 2021 жылдың 30-желтоқсанынан бері иттерді атуға тыйым салынған. Одан қалды, бұрын байлаусыз иттерді аулаумен айналысатын әр ауданда бір топ болатын. Қазір үнемдеу мақсатында ол да қысқартылған. Сәйкесінше, облыс бойынша ит аулаумен айналысатын 4-ақ топ бар. Бұл аз, - дейді ветеринария басқармасындағылар. Маманның тапшылығы иттердің азаюына кедергі болуда.

СНХ: ӘСКЕР ҚАЙЫРЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Аулау жүргізіліп жатыр. Ол иттер көбейіп жатыр. Құртуға шамамыз келмей жатыр. бұрын түгел иттерді 20 ауданда әр ауданда бригада болатын. Қазір 4-ақ бригада жұмыс істеп жатыр. Бірақ жұмыс атқарылып жатыр. Қаражат жетпей жатыр. Иттерді аулайды, оларды залалсыздандырады, сырғалайды. Стерилизация жасап, катсрация жасап босатады 15 күнге дейін. Енді оны қоя береміз. Ол бәрібір онымен азаймайды. Қаңғырып ол тістейді. Сырғалағанмен, залалсыздандырғанмен ол тістейді. Сондықтан, өзгерістер заңда болады деп тосып отырмыз.

РКС: Иттерді аулаумен айналысатын топ тұрғындардың шағымы бойынша бірнеше мекен-жайға барған. Алайда, ауылдықтар айтып жүрген қаңғыбас иттердің иелері бар болып шықты. Енді, бұл мәселені тұрғындар өзара учаскелік полицейлермен шешу керек. Ал, басқарма мамандары тек нақты қаңғыбас иттерді ғана ұстауға құқылымыз деп отыр.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ