ДИКТОР: Көкшетау қаласына қарасты Красный Яр ауылы мен Застанционный шағын ауданында 9 мыңнан астам кәріз құдықтары бар. Олардың барлығы да жауапты ұйымның бақылауын және уақытылы жұмыс істеуін талап етеді. «Қауіпсіз қала» жобасы аясында жастар шетте қалмай, мамандарға көмектесуді жөн көрді. Застанционный, Боровской және Юбилейный шағын аудандарында белсенділер люктерді тексеріп, ақауларды анықтады.
РКС: «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері 300-ден астам құдықты тексерді, оның 31-і дұрыс жабылмаған, әртүрлі заттармен тек бетін жаба салған. Ал, 11-і тіпті ашық.
СНХ: СҰЛТАНБЕК БЕКЕШЕВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздің волонтерлер мамыр айының басынан бері ашық құдықтарды тексеруді бастады. Әлі күнге дейін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Дұрыс жабылмаған 15 шақты кәріз табылған Застанционный шағын ауданын мысалға алғым келді. Біз шиналар немесе ағашпен жабылған люктерді дұрыс емес деп түсінеміз, бұл ол жерге құлап кетуі қаупін тудырады. Тиісінше, біз бұл сәттердің барлығын, оның қайда орналасқанын, қай ерікті шыққанын жазып аламыз, осылайша болашақта бұл мәселені шешуге болады.
РКС: Кәріз люктерін қыста байқау қиынға соғады. Сондықтан белсенділер апаттың алдын алуға тырысып, жылына екі рет акция өткізеді. Күн сайын «Су арнасы» диспетчерлік қызметіне қаладағы су құбыры мен кәріз құдықтарында қақпақтың жоқтығы туралы шамамен 3-5 өтініш түседі. Орташа алғанда, мекеме күніне 3 сұранысты өңдейді.
СНХ: ГҮЛБАХРАМ ӘНИЕВА, «КӨКШЕТАУ СУ АРНАСЫ» МЕКЕМЕСІНІҢ ШЕБЕРІ: Мемлекеттік сатып алу арқылы біз қалада шамамен 2 мыңға жуық люк қақпасын сатып алдық. Красный Яр ауылы және екінші Көкшетауда толығымен ашық кәріздерді жаптық. Барлық коммуналдық қызметтердің бізбен жұмыс істеуін қадағалаймыз, жол қозғалысы қызметі жұмыс істейді, өтініштер түсетін жерде, апат болмас үшін дереу әрекет етеміз.
РКС: Биыл 150-ге жуық магистральдық және көше су желілері тазартылды. Кәріз желілеріндегі 1 мыңнан астам кептеліс жойылды. «Су арнасы» кәсіпорны жарты жылда бір рет ұңғымалардың жағдайын бақылайды.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ