ДИКТОР: Күн жылынып, ауа температурасы жоғарылай бастаған уақытта кенелердің белсенділігі арта түседі. Биыл облыста кене шағудың 23 жағдайы тіркелген. Мамандар сақтық шараларын сақтауға шақырады. Себебі, кене энцефалиті мен боррелиоз - адамның терісіне, жүйке жүйесіне әсер ететін қауіпті жұқпалы ауру. Сондықтан кенені өздігінен алу қауіпсіз емес.

РКС: Кене энцефалитін жұқтырған жағдайда дерт белгілері алғашқы 10 күнде пайда болады. Жоғары температура, интоксикация, жүйке жүйесінің зақымдануы байқалады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина ақмолалықтарға кене шаққан жағдайда не істеу қажеттігі жайлы кеңес берді.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Кене энцефалитінің алдын-алудың негізгі шаралары- спецификалық және спецификалық емес профилактика. Нақты профилактика дегеніміз – вакцинация. Мұнда эпидемиялық көрсеткіштерге сәйкес орман алқаптарында тікелей орналасқан және кене шағуына бейім орман шаруашылығы қызметкерлері вакцинацияланады. Спецификалық емес көрсеткіштер – орманға, саябақтарға барған кезде репелленттерді қолдану. Қазір олардың кең ассортименті бар. Сондықтан рұқсат етілгендерді, тиісті таңбалары барларды сатып алу қажет.

РКС: Облыста биыл кене боррелиозының 1 жағдайы Щучинск қаласында тіркелді. Қауіпті жәндік шаққан ер адам медициналық көмекке кеш жүгінген, салдарынан арнайы профилактикалық шара жүргізілмеген.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Профилактикалық шаралар туралы айтсақ, алғашқы үш күнде шұғыл профилактика жүргізіледі. Иммуноглобулин енгізіледі. Өкінішке қарай, Щучинск қаласындағы жағдайда науқас кеш келді. Сондықтан мерзімнің өтіп кетуіне байланысты оған шұғыл профилактика жүргізуге уақыт болмады. Оған қоса, ер адам кенені өздігінен алып тастаған. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық, барлық қажетті анализдер тапсырды. Жақын арада диагнозы белгілі болады.

РКС: Сарапшылар "кене белсенділігі" маусымында ақ түсті киім кимеуге кеңес береді. Саябақта немесе орманда серуендегеннен кейін өзіңізді және балаңызды толық тексеріп шыққаныңыз абзал. Қауіпті жәндік шағып алған жағдайда шұғыл ауруханаға жүгіну қажет.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ