ДИКТОР: Облыс орталығының аумағын көгалдандыру аясында арнайы орындарға гүлдер отырғызыла бастады. Гүл өсірушілер шырайгүлды көптеп отырғызуда. Өйткені дәл осы гүл климаттық жағдайларға төзімді келеді. Төмен температураға шыдап, тамырын кеңінен жайып, гүлдейді.

РКС: Көгалдандыру аумағы 20 мың шаршы метрден асады. Гүлдің 9 түрі егілмек. Шырайгүл, тагетис, циния, қалампыр, сальвия және басқа да гүл қаланың ажарын кірзеді. Бұл жұмыстарды 2025 жылға дейін Астананың "Статус" мердігерлік ұйымы жүзеге асырмақшы.

СНХ: МАРАТ БАЛТАБАЙ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Қолайлы жағдайда барлық гүлзар қалпына келтіріліп, 10-маусымға дейін толығымен гүл отырғызылмақшы. Одан соң 10-маусымнан қазан айын қоса алғанда отырғызылған гүлзарларға күтім жасалынады. Биыл бәріне тезірек үлгерк қажет. Сондықтан мердігер ұйымының басшысына күндізгі уақытты барынша тиімді пайдалану үшін тапсырма берілді.

РКС: Көгалдандыру жұмысына қалалық бюджеттен 70 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл сома облыс орталығының аумақтарында жұмысты толық аяқтау үшін жеткілікті.

СНХ: АНАСТАСИЯ ВЫХОВСКАЯ, МЕРДІГЕРЛІК ҰЙЫМНЫҢ ГҮЛ ӨСІРУШІСІ: Маусым кезінде арамшөптерді жұлып, топырақты қопсытамыз. Өйткені жаңбыр жауған кезде шөп көтеріледі. Жыл бойы, жазғы уақытта гүлдердің солып қалмауы үшін, оларға күтім жасаймыз.

РКС: Ағаш отырғызу жұмысына қатысты жұмыс әлі толық аяқталмаған. Өтйкені, әлі мердігерлік ұйым анықталған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, "Жол картасы" жобасын іске асыруға облыс орталығында 7 мың түп ағаш көшетін отырғызу жоспарда бар.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ