ДИКТОР: 25 сәуірден бастап «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бұл жайлы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайында жариялады. Бағдарламаның операторы- «Отбасы Банкі».

РКС: Өтініштер «Баспана маркет» порталында сәуірдің 25-і мен маусымның 30-ын қоса алғанда қабылданады. Бағдарламаға барлық қазақстандық қатыса алады. Оған әлеуметтік осал топтың өкілдері, жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, «Отбасы Банкінің» салымшылары жатады.

СНХ: АЛМАТ НҰРАХМЕТОВ, «ОТБАСЫ БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Наурыз» бағдарламасының шарттарына тоқталсақ, бастапқы жарна 20 проценттен басталады. Тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал тобының өкілдеріне 7 процентпен беріледі. Азаматтардың барлық санатына несие 9 процентпен есептеледі. Несие 19 жылға дейін беріледі. Бағдарламаға қатысушылардың және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда баспанасы болмауы тиіс. Алматы және Астана қалаларында, облыс орталықтарында бұрын қолданыста болмаған жаңа баспана ұсынылады. Ал басқа өңірлерде, яғни аудандар мен моноқалаларда, елдімекендерде бастапқы және қолданыстағы баспана алу мүмкіндігі беріледі.

РКС: Бағдарламаға қатысушы бастапқы тұрғын үйді «Баспана маркет» порталында таңдай алады. Мұндай ерекшелік ең алдымен тұрғын үй бағасын негізсіз өсіруге жол бермеуге бағытталған.

СНХ: АЛМАТ НҰРАХМЕТОВ, «ОТБАСЫ БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Алматы, Астана қалалары бойынша берілетін несие сомасы 36 миллион теңге. Ал, басқа өңірлерде 30 миллионға дейін беріледі. Баспана бағасы тұрақты болуы үшін біз өтінімдерді «Баспана маркет» порталы арқылы қабылдаймыз. Бұл үшін басты банкте арнайы топтар құрылған. Әр өңірде құрылыс компаниялары біздің порталға өтінім тастайды. Біз бәрін қадағалап, қарап отырамыз.

РКС: «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасы 8 жылға негізделген. Биыл бұл бастамаға 300 млрд. теңге көлемінде қаражат қарастырылып отыр. Одан кейігі жылдары 200 миллиард теңге көлемінде қаржы бағытталмақ. 8 жыл ішіндще 68 мың азаматты баспанамен қамтамасыз ету жоспарда бар. Биыл 12 мың қазақстандық бағдарлама аясында пәтерге ие бола алады деген болжам бар. Айта кетейік, Ақмола облысы бойынша «Наурыз» бағдарламасына 120 өтінім берілсе, «Отау» бағдарламасы бойынша 500-ге жуық өтінім қарастырылып жатыр.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ДАРХАН ДӘУЛЕТ, КӨКШЕ АҚПАРАТ