ДИКТОР:Кемел келешек кілті – білімде. Естеріңізге сала кетейік, жуырда мектеп оқушылары арасында «JasSkillsAqmola – 2024» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты өткен болатын. Оған өңірдің түкпір-түкпірінен 100-ден астам оқушы қатысып, 9 құзіреттілік бойынша бақ сынады. Енді бәсі биік додада еңбектері ақталған ұл-қыздар марапатталды.

ИНТЕРШУМ: биден үзінді

РКС:Әсем биден кейін кезек көптен күткен марапаттау рәсіміне де келді. Алғашқы болып «мобильді робототехника» құзіреттілігінің үздіктері анықталды. Дода қорытындысы бойынша «Bolashaq saraiy» мекемесінің тәрбиеленушісі Әлінұр Оспанәлі қоржынын жүлделі 1-ші орынмен молайтып отыр.

СНХ: ӘЛІНҰР ОСПАНӘЛІ, «BOLASHAQ SARAIY» МЕКЕМЕСІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ: Жарыс өте қиын өтті. Көп еңбектендім. Өзім «мобильді робототехника» құзіреттілігіне алғар рет қатысып отырмын. Бұған дейін робототехника бойынша байқауларға қатысқанмын. Жалпы, «мобильді робототехника» - бұл робототехника саласындағы даму. Оның көмегімен адамдардың жұмысын жеңілдетуге болады. Яғни, робот арнайы бағдарламалардың көмегімен барлық ауыр жұмысты өзі сұрыптайды.

СНХ:САМАЛ ҚАБДУШЕВА, «BOLASHAQ SARAIY» МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл «Болашақ сарайында» 3-ші рет өткізіліп отыр. Алғаш рет Балалар жылы аясында бастау алған болатын. Қазіргі таңда 9 құзіреттілік бойынша 88 оқушы мен 56 сарапшы осы сайыста өз білімін, дағдыларын ортаға салды. Облыстың аудандарынан қатысқан жас жеткіншектер өздерінің мамандық таңдауға осы чемпионаттың үлесі зор деп ойлаймын. 9 құзіреттіліктің ішінде ІТ мамандықтары, ғылыми өздерінің сынама жұмыстарын жүргізді. Сайыс тартысты өтті. Дода үздіктері марапатталды. Және де демеушілерімізге алғысымызды білдіргіміз келеді.