ДИКТОР: Көкшетауда екі жігітті ұрып-соқты деп айыпталған "Арлан" арнайы жасағының полицейлері жұмыстан шығарылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы мәлімдеді. Естеріңізге салсақ, облыс орталығының тұрғыны Айгүл Әубәкірова Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдаған болатын. Азаматша қос бауырына "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері себепсіз шабуыл жасағанын айтқан. Айгүлдің сөзінше, полицейлер 17 және 18 жастағы екі жігітті қала көшелерінің бірінде тоқтатып, алдымен машинаның ішінде, содан кейін қала сыртына шығарып соққыға жыққан. Бірақ, олардың бұндай дөрекі әрекетке баруларына ешқандай себеп болмаған, тіпті інілерім ешқандай тәртіп бұзған жоқ,-дейді бойжеткен. Шулы іске араласқан полиция департаментінің басшылығы күдікті деп танылғандарға тиісті жаза қолданды. Аталмыш факті бойынша тергеу жүріп жатыр.
СНХ: НҰРСҰЛТАН МҰҚАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Көкшетаудың екі тұрғынына дене жарақаттарын келтірген полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 4 қызметкер күдікті деп танылып, оларға айып тағылды. Бұл қызметкерлер ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарып, бастықтары қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Қылмыстық істі тексеру менің жеке баылауымда. Объективті және жан-жақты тергеу жүргіземіз.