ДИКТОР: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аяқталуда. «Мөлдір бұлақ» онкүндігі аясында аталған іс шараға ақмолалықтар да белсене қатысты. «Көкшетау жылу» кәсіпорнының қызметкерлері облыс орталығындағы Қылшақты өзенінің жағалауын тазалады. «Көкшетау жылу» мекемесінің 50-ге жуық маманы Қылшақты өзенінің жағалауындағы учаскелерді тазартты. Су тасқынынан кейін жағада қоқыс көптеп жиналған. Одан қалды әр жерде кепкен қамыс шашылып жатыр. Айта кету керек, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы облыста 12 мың тоннадан аса қоқыс шығарылған.
СНХ: САМАТ СМАТАЕВ, "КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ" КӘСІПОРНЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қылшақты өзенінің бойын тазалаудамыз. Балабақшадан Мәлік Ғабдуллин көшесіне дейін. Техника да жинап жатыр. Біз пластиктар мен полиэтилен пакеттерді жинаудамыз. Қоқыстың барлығы арнайы техникаға салынады.
СНХ: МӘДИНА ҚАБДУӘЛИЕВА, АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ: Әр сенбі сайын далаға шығып, акцияға қатысудамыз. Біз қаламыздың одан да таза болуын қалаймыз. Барлық қоқысты жинап, қаламыздың көрікті әрі таза болуына барлығымыз күш салайық.