ДИКТОР: Күш атасы – Қажымұқан! Қазақ халқының мақтанышы, аңызға айналған балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовты еске алуға арналған еркін күрестен ашық облыстық турнир өтті. Дода мақсаты – өңірде бұл спорт түрін дамыту және насихаттау.

РКС: Турнир "Оқжетпес" спорт кешенінде өтті. Оған түрлі салмақ дәрежесіндегі 130 жас қатысты.

СНХ: ЖАНБОЛАТ ІЛИЯСОВ, ЕРКІН КҮРЕС БОЙЫНША АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Қажымұқанды еске алуға арналған ашық турнир болып жатыр. Биыл 2-ші жыл өткізіліп жатыр. Себебі, Қажымұқан атамыздың туған, өскен жері осы Ақмола облысы. Қазіргі уақытта бұл жай турнир емес, Азия ойындарына іріктеу турнирі болып табылады.

РКС: Айта кеткен жөн, еркін күрес облыста жақсы дамып келе жатыр. Бұл турнир соған дәлел. Додаға еліміздің түкпір-түкпірінен жас балуандар жиналған.

СНХ: БАЛТАШ УӘЛИЕВ, СПОРТ АРДАГЕРІ: Жарысқа 12 команда қатысуда. Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген спортшылар бар. Бұл турнир арқылы республикалық жарыстарға балуандарды іріктеп аламыз. Жалпы, еркін күрес жақсы дамып келеді. Азия ойындарының, әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпиондарымыз бар.

РКС: Жарыс соңында қатысушыларға медаль және грамоталар табысталды. Үздік деп танылғандар кубоктарға ие болды.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, МАДИНА ӘБДІКӘРІМОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ