ДИКТОР: Облыста су тасқынынан зардап шеккен жандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жалғасуда. Көкшетаулық тағы 13 отбасы баспаналы болды. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов оларға кілтті салтанатты түрде табыс етті. Облыс әкімі жанұяларды құттықтап, қоныстарына жылулық пен жайлылық тіледі.
РКС: Президент пәрменімен табиғи апаттан зардап шеккен адамдарға қамқорлық жасау қазіргі уақыттағы басым міндет. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында азаматтарға жаңа тұрғын үй беру жалғасып жатыр. Бұдан бөлек, залалды өтеу, біржолғы көмек төлеу сияқты шаралар қабылдануда.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Сараптаманың нәтижесі бойынша 89 үй жарамсыз болып танылды. Әрбір жәбірленуші өздері таңдап, сол баспананы алып беріп жатырмыз. Бұл жұмыстар ары қарай жалғасады. Жыл сайын су басатын аймақ бар. Жабай өзенінің жағасында. Сол 300 жанұяны биыл көшіретін боламыз. Ол үшін 200 пәтерлік 2 үйдің құрылысын 2-3 айдың ішінде бітіреміз. Тағы да басқа адуадарда да осындай жұмыстар жасалып жатыр.
РКС: Баспаналы болған көкшетаулықтың бірі - Любовь Счасливая. Тасқын салдарынан нәзікжандының үйі тұруға жарамсыз деп танылған. Жергілікті атқарушы органдар жедел әрекет етіп, аз уақытта мәселені шешіп берді, - дейді ол.
СНХ: ЛЮБОВЬ СЧАСТЛИВАЯ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қала және облыс әкімдері келді. Біздің көше бойымен жүріп, барлық үйге кіріп шықты. Болып жатқан жағдаймен танысты. Үйлер су астында қалған. Бір айдан кейін жұмысты бастады. Енді жаңа баспананың кілтін алып жатырмыз. Президентімізге, облыс және қала әкімдеріне үлкен алғыс.
РКС: Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 14 көкшетаулық жаңа баспанаға ие болды. 1 жарым мыңнан астам ақмолалық біржолғы төлем алды. Мүлікті бағалау жұмыстары аяқталуға жақын.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ