ДИКТОР: Жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші бір алаңда тоғысты. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде студенттерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Екі қолға бір күрек іздегендерге 90-ға жуық кәсіпорын өз қызметін ұсынды. Жәрмеңкеге келген жастар негізінен мемлекеттік қызмет, туризм мен педагог мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу жайлы ақпарат алды.

РКС: Ажар Жайылған – жәрмеңкеге жұмыс іздеп келген студенттің бірі. Мамандығы - заңгер. Түлекке қызмет орнын іздеп әлек болудың қажеті жоқ. Болашақ жұмыс орнын ол өндірістік тәжірибеден өту барысында анықтап қойған. Жалынды жас қолына диплом алған соң мамандығым бойынша қызметіме орналасссам,-дейді.

СНХ: АЖАР ЖАЙЫЛҒАН, А. МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Өзім облыстық полиция департаментінде 3 жыл бойы тәжірибеден өттім. Бұл сала қатты қызықтыратынын түсіндім. Болашақта сол жерде жұмыс істеймін деген ойдамын.

РКС: Жәрмеңкеде тәртіп сақшыларына 30-дан астам болашақ түлек келіп, өзі жайлы ақпарат қалдырып кетті. Облыстық полиция департаментінде 250-ге жуық бос жұмыс орны бар. Студенттер мамандарға жұмысқа орналасу шарттары жайлы сұрақ қойды.

СНХ: БЕКЗАТ ЖҰМАЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КАДР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: Студенттерді жалақы, жұмысқа орналасу талаптары қызықтырды. Және артықшылықтары туралы сұрады. Жалпы талаптар жайлы айтылды. Департаментте бос орындар барын хабарлаймыз. Статистика бойынша облыстық полиция департаментінде 80 пайызға жуық студент жұмыс жасап отыр. Осы оқу орнының түлектері.

РКС: Жастарға жұмыс ұсынуға түрлі саладан 90-ға жуық кәсіпорын өкілі келіпті. Жалпы, білім ордасында жәрмеңке жыл сайын өткізіледі. Нәтижесінде жыл сайын қолына диплом алған жастардың 85 пайызы жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, бұл шара түлектің өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына септеседі.

СНХ: САҒЫНТАЙ ЕЛУБАЕВ, А. МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: Біз балаларды тек қана оқытқызып, кәсіпорындарға тәжірибеге жіберіп қана қоймай, артынан да қадағалап отырамыз. Олар қалай жұмыс істеп жатыр, кемшіліктері бар ма. Соның бәрін қадағалап отырамыз. Біздің студенттерге сұраныс жоғары. Балалар тек қана біліммен емес, тәртіп бойынша да жақсы. Оларды жұмысқа қабылдаушылар жақсы пікір қалдырып жатыр.

РКС: Университет қабырғасында 4 мыңға жуық студент білім алып жатыр, соның 900-ден астамы биыл қолдарына диплом алады.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ