ДИКТОР: Ақмола облысында ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Орман шаруашылығы кәсіпорындары абаттандыру жұмыстарына жауапкершілікпен қарайды. Симферополь ауылының маңында қылқан жапырақты көшеттер өткен демалыс күндері отырғызылды. Бүгінгі таңда бұл жерде 300 мыңнан астам жас ағаш өсіп тұр.

РКС: Елімізді көгалдандыру, ормандарды қалпына келтіру – бүгінгі таңда орман шаруашылығының басты міндеті. Жоспар бойынша биыл Симферополь ауылының маңында 190 гектар жерге қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу жұмыстары жүргізілуі тиіс.

СНХ: ЕРКІН НЫҒМЕТОВ, ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Куйбышев атындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі көктемгі көгалдандыру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жалдамалы 40 жұмысшы тартылды.

РКС: Көктем уақытында 1 миллион түптен астам қарағай көшетін отырғызу жоспарланып отыр. Жұмысшылар таңертеңнен кешке дейін аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.

СНХ: ҰЛЖАН СҮЛЕЙМЕНОВА, ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ ИНЖЕНЕРІ: Биыл біз қылқан және қарағай ағаштарын отырғызамыз. Баратай, Ақан және Симферополь ауылдарынан жалдамалы жұмысшылар жұмыс істейді. Көбінесе жастар. Жұмыс өте ауыр. Себебі, олар тек қолмен жұмыс істейді. Негізінен жүктеме аяқ пен арқаға түседі.

РКС: Бүгінгі таңда 48 гектар алқапқа ағаш көшеті отырғызылды. Жұмыс әрі қарай жалғасын таппақ.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МАДИНА ӘБДІКӘРІМОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ӨКШЕ АҚПАРАТ