ДИКТОР: Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ой тастауымен бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы облыс аумағында жалғасын тауып жатыр. Акцияның «Жасыл аймақ» деп аталатын үшінші аптасының аясында ақмолалықтар сенбілік өткізіп, көшеттер отырғызды.

РКС: Экологиялық шараға ат салысу мақсатында қала көшелеріне белсенді жастармен қатар, бизнес өкілдері, ұжымдар мен тұрғындар шықты. Облыс бойынша сенбілікке 62 мыңнан астам адам қатысты.

СНХ: УМАР ШОНАЗАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: Бүгін "Таза Қазақстан" акциясы аясында облыс аумағында көшеттер отырғызу акциясы жүріп жатыр. Мына жердегі шараға облыс әкімі, барлық облыстық ведомства, күш құрылым жетекшілері, волонтерлер, тұрғындар мен студенттер қатысуда. Облыстық және қалалық мәслихаттық депутаттық корпусы да қалыс қалған жоқ. Бүгін сенбілік ұйымдастырылып, түрлі ағаштардың көшеттері отырғызылады.

РКС: Бұл шараға облыс әкімі Марат Ахметжанов та қатысты. Аймақ басшысы «Интернационалист-жауынгерлер аллеясы» мен «Арқар» монументінің алаңына көшеттер отырғызды.

ИНТЕРШУМ: облыс әкімінің ағаш отырғызып жатқан сәті

РКС: Ауқымды акцияға жуырда ата-ана атанған жас жанұялар да қатысты. Олар «Сәби» аллеясына 30 көшет отырғызды. Әр көшетке соңғы екі аптада дүниеге келген бүдіршіндердің аттары берілді. Осылайша, жас ата-аналар өскелең ұрпақтың бойына экологиялық тәрбие сіңірудің маңыздылығын дәлелдеді.

СНХ: РУСЛАН ЖҰМАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бізді ағаш көшеттерін отырғызуға әкімдіктен шақырды. Жақында қызды болғанбыз. Есімін Ясмин деп қойдық. Осы қуанышқа орай бүгін көшет отырғыздық.

РКС: Тазалыққа деген көз-қарасты ерте бастан сіңіру керек. Өскелең ұрпаққа қоршаған ортаға абай болуды үйрету маңызды. Тәртіп бар жерде жеңіс бар,-деді облыс әкімі. Акцияға облыстық жастар ресурстық орталығының волонтерлері де қатысты.

СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Алдағы уақытта бұл жерде кюар белгілері болады, табличка болады. Және сол кюар арқылы сілтемеден қандай отбасы болғанын, қандай студенттер қатысқаны бәрі белгілі болады. Және де осының алдында біз қаланың сыртында 1 күн шығып, 3 оқу орнынан, 3 жоғарғы оқу және де 1 колледжден шығып 8 мыңға жуық көшет отырғызған болатынбыз. Бұл акция айдың соңына дейін болады, яғни, мамыр айына дейін жалғасатын болады.

РКС: Экологиялық акцияға облыс орталығының 8 мыңға жуық тұрғыны қатысты. Ал, облыс бойынша 62 мыңнан астам адам өз жерлерінің таза болуына үлес қосты. Бұл күні қала аумағынан 3,5 мың текше метр қоқыс шығарылды.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ