ДИКТОР: Шырша, мамыргүл мен шие ағашы. Көкшетаулықтар көркейту-көгалдандыру апталығында белсенділік танытты. Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының мүшелері мен БАҚ өкілдері де атсалысты. Айта кетейік, биыл облыс бойынша 15 миллион түп ағаш көшетін отырғызу жоспарланып отыр.

РКС: Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының маңында қайнаған тірлік. Мұнда ағаш егу жұмыстары жалғасып жатыр. 50-ге жуық Ассамблея мүшесі мамыргүл мен шие ағашының 50 түбін отырғызды.

СНХ: ГҮЛБАРА НҰРҚАНОВА, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕКЕМЕСІ ЖАНЫНДАҒЫ СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Президентіміздің жарлығымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, Көкшетаудағы «Достық үйінің» жанынан құрылған этнос өкілдері тазалық жұмыстарын істеуге және ағаш отырғызуға атсалысып жатыр. Осындай жақсы жұмыстар атқарылып жатыр. Сұлу Көкшетауымызды көркейту, қаламызды таза ұстау әр азаматтың міндеті. Осындай акцияларға барлық қазақстандықтарды атсалысуға шақырамын.

РКС: «Таза Қазақстан» акциясы аясында шаһарда Журналистер аллеясы ашылды. Игі іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жиылды. Табиғатты көгалдандыру мақсатында жасыл алаңқайға 40-қа жуық ағаш көшеті отырғызылды. Тілшілер қатарында ардагерлер журналистер де бар.

СНХ: БАҚБЕРГЕН АМАЛБЕК, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Шерхан Мұртаза ағамыз айтқандай, «Журналистің жегені – жантақ, арқалағаны – алтын». Құрметке бөленіп жатырмыз. Журналистік қызметімді 1975 жылы бастағанмын. Аудандық газетте істедім. «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі болдым. 25 жылдан астам жұмыс істедім. Еңбегіміздің кішкене бөлігінінің шарапатын көрсетіп жатқан елге, жұртшылыққа, әкімдікке, ішкі саясат басқармасына алғыс айтамыз.

РКС: Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған шаралар легі алдағы уақытта да жалғасады.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ