ДИКТОР: "SmartUstaz" жобасы аясында Астана және Ақмола облысының педагогтары мен әлеуметтік қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті. Шараға арнайы білім беру ұйымдарының 36-ға жуық қызметкері қатысып, сертификат алды. Болашақта мамандар алған дағдыларын іс жүзінде қолдана алады.

РКС: Тренинг барысында стигматизациядан кәсіби шаршауға дейінгі тақырыптар қозғалды. Мұндай семинар мұғалімдерге үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Осының арқасында оқыту процессі де жетілдіріледі.

СНХ: АЙЖАН ЕЛДОСҚЫЗЫ: АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРІ: Бүгінгі сабақта кейс-менеджмент тақырыбында үлкен, өзіме қажетті ақпарат, білім алдым. Бұл қазіргі уақытта ең керек тақырып деп ойлаймын. Біз негізінен өмірлік қиын жағдайға тап болған ата-аналармен, аз қамтылған отбасылармен жұмыс істейміз. Оларды қиын жағдайдан алып шығу үшін бүгінгі алған білімім өте қажетті, маңызды. Мен оны өз жұмысымда қолданамын. Аз қамтылған отбасы мен қиын жағдайға тап болған ата-аналарды азайтуға өз үлесімді қосамын деген ойдамын.

РКС: "SmartUstaz" жобасының басты артықшылығы – әлемнің кез келген нүктесінде отырып-ақ аптасына 24 сағаттың кез келген уақытында онлайн оқуға болады. Соның арқасында оқытудың жаңа әдістерін меңгеріп, сыни ойлауды жақсартып, креативтілікті арттыруға мүмкіндік зор. Ол әсіресе мұғалімдер мен білім беру саласының қызметкерлері үшін ыңғайлы.

СНХ: МАЙЯ НАРИМОВА, ШЕБЕР-ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Барлық заманауи білім саласындағы трендтермен, инновациялармен қамтылған. Бұл кез келген мұғалім қашықтықтан білім ала алатындарымен ыңғайлы. Өз біліктіліктерін арттыру арқылы біздің еліміздің оқушыларының білім сапасына оңтайлы әсер ете алады. "SmartUstaz" көптеген конкурстарда жақсы мүмкіндіктер береді. Жақында үлкен байқау өтті. 7 мыңнан астам қатысушы өтінім берді. Нәтижесінде екі ұстаз Сингапур елінде білім алып жатыр. Бұл біздің еліміз үшін өте жақсы. Себебі біз тәжірибе алмасамыз, білім саласын дамытып, жақсы деңгейге көтереміз.

РКС: Мұндай курстан оқудан өту үшін smartustaz.kz сайтына кіріп тіркелу қажет. Ата-аналар мен оқушының тіимді өзара іс-әрекеті үшін әлеуметтік-эмоционалды құзыреттілікті дамыту, когнитивті иәкемділік пен тиімді ойлау дағдыларына да үйренуге болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттерін дамыту мен диагностиадан өткізу және оқушыларды дайындау курстарынан да өтуге болады.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ