ДИКТОР: Бурабай баурайында «Nomadius» алғашқы этнографиялық музейі ашылды. Онда қазақтың және Еуразияның далалық бөлігін мекендеген халықтардың дәстүрлі мәдениетін көрсететін тарихи жәдігерлер жинақталған. Халықаралық мұражай күніне орай музейдің салтанатты ашылуы өтті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Мұражайдың негізі тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаевтың жеке бастамасымен 2022 жылы қаланды. Осы уақытқа дейін тарихтың өшпес беттерін жинап, сақтап, өскелең ұрпаққа насихаттап жүрген ағамыздың еңбегі ұшан-теңіз.

СНХ: ЖАМБЫЛ АРТЫҚБАЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР: Бұл этнографиялық музейдің шартты атауы «Nomadius». Бұл жерде номадтық, көшпелі, жалпы қазақ мәдениетінің барлық үлгілерін көрсетуге тырыстық. Міне, 2-3 жыл болды. Ақырын-ақырын. Құдайға шүкір басы қосылып қалды мәдениеттің. Тек қана қазақтың мәдениеті емес, қалалық қазақ мәдениеті бар. Қазаққа туыс, жақын қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, басқа да халықтардың мәдениеттері,экспозияциялары бар.

РКС: Этнографиялық музей бірнеше құрамдас бөліктен тұрады. Онда қазақтың киіз үйі, шошала, ұстахана, шаруашылық пен Еуразия халықтарының жылқышылық мәдениеті экспозициялары орналастырылған. Бұл жерде музыкалық аспаптар, қару-жарақ түрлері, оюланған ағаш заттары, керамика, зергерлік бұйымдар, ақша айналымы, полихром заттар мен әшекейлердің бірегей коллекциялары да жинақталған.

СНХ: БИБІГҮЛ КӨШЕКОВА, №9 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Жамбыл Омарұлымен біз бұрыннан бері жұмыс жасаймыз. Кәсіби бағдар бағыты бойынша, тарихи сана қалыптастыру бойынша оқушыларымызға осы музейге келіп, ашылмай тұрып біз көптеген жәдігерлерді жинауға көмектестік. Сонымен қатар, оқушыларымызды осы жерге әкеліп, сабақ өткіздік. Тарих пәнінен, география пәнінен. Көптеген іс-шаралар өткіздік. Біз үшін музейдің ашылуы үлкен мереке деп айтса да болады.

РКС: «Nomadius» этнографиялық музейі көне заманнан бүгінге дейін тарих пен мәдениеттен сыр шертетін қазақ халқының дәстүрлі этнографиясын, Еуразия халықтарының дәстүрлі материалдық және рухани мұрасын, ескерткіштерін, оқиғаларын жастарға насихаттауға ден қойған.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ