ДИКТОР: "Көкшетау" халықтық би ансамблінің құрылғанына - 50 жыл. Осыған орай, "Көкшетау" Мәдениет Сарайында "Жарты ғасыр жасаған - Көкшетау" атты шығармашылық кеш өтті. Өрелі өнерімен өңірдің мақтанышына айналған ұжым әлемнің әр қиырын аралап, қазақ елінің абыройын сан мәрте асқақтатты. Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Қазақ биі - бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін ұлттық сахна өнері. Бұл өнер ерте заманнан-ақ қалыптасып, халқымыздың аса бай мәдениетімен, тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы. Өңірде осындай қазақ билерімен қатар ұлттық бағыттағы билерді "Көкшетау" би ансамблі дамытып, насихаттап келеді. Олар Түркия, Чехия, Малайзия, Испания, Франция сияқты басқа да көптеген елдерді өткен халықаралық би фестивальдерінің лауреаты атанған өнерлі ұжымдардың бірі. 50 жылдың ішінде биге қызығатын мыңнан астам ұл мен қыз өнер көрсетіп, дәстүрлі мәдениетті насихаттауға зор үлес қосқан.

СНХ: МӘДИНА ТІЛЕУЛИНА, «КӨКШЕТАУ» ХАЛЫҚТЫҚ БИ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Жарты ғасыр ішінде ансамбль өте қызықты жолдан өтті. Біздің ансамбльмен көптеген танымал адамдар жұмыс істегеніне ризамын! Ансамбль жетекшісі Марат Қуанышбеков, Елена Анатольевна Болатова, Айсұлу Ғалымқызы Омарова сынды атақты адамдар болды. Бүгін, бақытымызға орай, олар бізбен бірге қуанышымызды бөлісуде. Сондай-ақ, режиссерлер мен хореографтармен де жолымыз болды. Зәуірбек Молдағалиұлы Райбаев, Болат Ғазизұлы Аюханов, Минтай Жәнелұлы Тілеубаев сынды танымал тұлғалармен біздің ұжымның қыздарымен жұмыс істегеніне қуаныштымыз! Міне, осындай жұмыстың арқасында қазір командам танымал. Біз бүгінгі кеште бар күшімізді саламыз. Бұл шараға біз қыркүйек айынан бастап дайындалдық.

РКС: Осыдан 50 жыл бұрын сахна төрінде мың бұралған бишілер бұл күнді асыға күткендерін айтады. Себебі, өздерінің жалындаған жастық шақтарын еске алып, ыстық естеліктерімен бөлісті.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АЛМА САНСЫЗБАЕВА, «КӨКШЕТАУ» ХАЛЫҚТЫҚ БИ АНСАМБЛІ АЛҒАШҚЫ ҚҰРАМЫНЫҢ ӨКІЛІ: Мен 16 жасымда "Көкшетау" ансамбліне келдім. Біздің ансамбль 1974 жылы қаламыздың 150 жылдығы қарсаңында құрылды. Алғашқы концерт 1974 жылы 18 қазанда өтті. Міне ұзақ уақыттан кейін қайта бұрынғы ансамбль бишілерімен кездескеніме қуаныштымын! Жалпы ансамбль жетекшісі Мәдинаға үлкен рахмет айтқым келеді. Мұндай композицияны сақтап қалды. Қазіргі бишілерге бар жақсылықты тілеймін!

РКС: Әні мен биі, сәні мен күйі жарасқан мың бұралған бишілер халықтың ықыласына лайық. Өнер мен мәдениеттің шоқтығының биік екенін тағы бір мәрте дәлелдей түсті.

ИНТЕРШУМ:

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ