ДИКТОР: Жыл сайын 20-мамырда халықаралық мереке – дүниежүзілік метрология күні аталып өтіледі. Бұл күн 1999-жылдың қазанында Халықаралық салмақ пен өлшем комитетінде бекітілген. Ал, Қазақстанда аталмыш саланың дамуы алпысыншы жылдардан бастау алады. Дәл сол жылдары Қазақ аймақтық салмақ пен өлшем палатасының бөлімшелері ретінде облыстық зертханалар құрыла бастаған. Өткен жылы Қазақстан метрологиясы өзінің бір ғасырлық тойын атап өткен болатын. 1875-жылы дәл осы күні Парижде өткен Дипломатиялық метрологиялық конференцияда метрикалық конвенцияға қол қойылған. Аталмыш құжат біртұтас халықаралық метрологиялық кеңістіктің іргетасын қалаған ғылыми-техникалық әріптестік туралы алғашқы үкіметаралық келісім болатын. Метрикалық конвенцияның мақсаты: бүкіл әлем бойынша өлшемдердің біркелкілігін қамтамасыз ету. Қазіргі таңда, облыс аумағында жиырмаға жуық калибрлеу және сынақ зертханасы бар. Сондай-ақ, он шақты мекемеде метрологтар қызмет етеді.

СНХ: НҰРБЕК ХАБИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Қазақстанда метрологияның енгізілуі және дамуы 1923 жылы Омбы тексеру зертханасының Семей қаласындағы бөлімшесінің ашылуымен тұспа-тұс келеді. Ондағы мақсат: салмақтар мен өлшемдердің біркелкілігін, дәлдегін және дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету. Осы мүмкіндікті пайдаланып, метролог мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтағым келеді. Сіздерге мықты денсаулық, зор бақыт тілейміз. Өмірдегі әр есептеріңіз нақты, түсінікті әрі қарапайым болсын. Жұмыстарыңыз жемісті, алар асуларыңыз көп болсын!