ДИКТОР: Көкшетауда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен "Senat open" шахматтан алғашқы ашық кубоктың іріктеу туры өтті. Шараға 17 аудан мен 3 қаладан 100-ден астам шахмат әуесқойлары қатысты. Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.

РКС: Шахмат барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын, өңірлік Қоғамдық кеңес мүшелері мен ардагерлерді біріктірді.

СНХ: ТЕЛЬМАН МҰҚЫШЕВ, БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Мынау мидың дұрыс жұмыс істеуі үшін шахмат ойнау керек. Бұрында Эмануель Ласкер 27 жыл дүниежүзінің чемпионы болды. Соның айтқаны бар еді "Шахматы гимнастика ума" деген. Мен мінекей 80-нің алтауына келдім. Әлі күнге дейін шахмат ойнап, есім дұрыс. Осы шахматтың арқасыма деп ойлаймын. Шахмат кісіні дұрыс ойландырып, берер пайдасы өте көп.

РКС: Бүгінгі таңда шахматқа үлкен көңіл бөлінуде. Себебі, шахмат ойыны адамның ойлау қабілетін дамытады. Биыл аймақта шахмат үйірмесі мектеп бағдарламасына енгізілді. Облыс оқушыларының 20 проценті бұл үйірмеге белсенді қатысуда.

СНХ: БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Былтырғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Алматы қаласында өз сөзінде айтқан болатын еліміздегі шахмет өнерін дамыту туралы. Соның негізінде 2023 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы шықты. 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспардың негізінде Астана қаласы, Алматы қаласы және Шымкент қалаларында үлкен шахмат сарайлары салыну жаспарлануда. Ал қалған облыстарда шахмат үйлерін ашу жоспарланды. Биылғы жылы облыс әкімі Марат Мұратұлының қолдауымен осы Көкшетау қаласында да шахмат үйі ашылу жоспарланып отыр.

РКС: Жарыс барысында 25 үздік шахматшы жеңіске жетті. Енді олар 29 тамызда Астана қаласында облыс намысын қорғамақ.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ