ДИКТОР: Біржан Сал аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің баскетболшылары соңғы жылдары үздік нәтижеге қол жеткізіп жүр. Бұл білікті бапкер Олег Шепельдің шәкірттерімен жүйелі жұмыс жүргізуінің игі нәтижесі.

РКС: Баскетбол көз ілеспес шапшаңдықты, мергендікті қалайтын спорт түрі. Міне осынау қасиеттер бойынан табылған ұл-қыздар ойын алаңында жасындай жарқырайды.

СТЕНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Біржан Сал ауданының жасөспірім баскетболшылары соңғы уақытта облыстық жарыста жеңіске жетуде.

РКС: Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің білікті бапкерлерінің бірі Олег Шепель өз ісін жақсы меңгерген маман. Ол әр шәкіртін спорт залға келген күннен бастап, жеңіске жігерлендіреді.

СНХ: ОЛЕГ ШЕПЕЛЬ, БАПКЕР: 25 жыл өмірімді бапкерлікке арнап келемін. Балалар жаттығуға қуана келеді. Әр өреннің өз қарым қабілеті бар. Оны осы спорт залда дамыту бапкер парызы. Айта кету керек осыдан 2 жыл бұрын пайдалануға берілген «Жеңіс» спорт кешенінде жаттыққалы баскетболшылардың нәтижесі көріне бастады.

СНХ: ГЕННАДИЙ ГРИМЕР, БАСКЕТБОЛШЫ: Мен баскетболмен 2 жыл айналысып жүрмін. Осы уақытта спорттың осы түрінің айла тәсілдерін үйреніп келемін. Талай жарыста командамыз жеңіске жетті. Бапкеріміз Олег Шепель біздерге ақыл-кеңес беруден жалыққан емес.

РКС: Бүгіндері Біржан Сал аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің баскетболшылары алдағы облыстық жарысқа жан-жақты дайындық жасау үстінде.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ