ДИКТОР: Халықаралық музей түнінде облыстық әдебиет және өнер музейінде Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі, жерлесіміз Манарбек Бұрмағановтың "Дарқан дала дидары" атты жеке шығармашылық көрмесі ашылды. Қылқалам шеберінің көрмесіне қойылған жұмыстарды 50-ге жуық қала тұрғыны мен қонақтары тамашалады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Манарбек Бұрмағанов 1991 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің тәмамдап, өз мамандығы бойынша білім ошақтарында көркем суреттен сабақ бере бастады. Қылқалам шебері тек қана сурет салмай, сонымен қатар мүсін де жасайды. Өлшеусіз еңбегінің арқасында халықаралық фестивальдерде талай мәрте бас жүлде иеленді. Абылайды хан көтеріп, үш жүздің ордасы болған тарихи өлкенің сұлулығы әрдайым жаңа бір дүние пайда болуға әсер етеді,-дейді суретші.

СНХ: МАНАРБЕК БҰРМАҒАНОВ, ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Көкшетау біздің ақындар, батырлар, жыршылар болған мекен. Кішкентай болсада өте атақты қала Қазақстан бойынша. Осы көрмеде биыл істеген, бұрын істеген жұмыстарым бар. Көкшетау өте әдемі, сұлу жер. Тарихи бай жер. Сондықтан, суреттерді салуға әлі де көп темалар бар.

РКС: Сондай-ақ, көрмені тамашалап болған жұртшылық "Қолөнершілер шаһары" атты мүзей түнінде болды. Онда он саусағынан өнер тамған шеберлер өздерінің бұйымдарын халықтың назарына ұсынды. Сонымен қатар, жастарға шеберлік сағат өткізді. Оюлы текемет басу шебері Гүлнәр Орынбаева қой жүнінен жасалған қолөнеp, өзiндiк еpекшелiкке бaй, қaймaғы бұзылмaғaн қaлпындa күнi бүгiнге дейiн жaлғacын тaуып келе жaтқaнын айтады.

СНХ: ГҮЛНӘР ОРЫНБАЕВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ: Қойдың жүннің жақсы көремін, жүннің қасиеті көп. Жазда ыстықтатпайды, қыста тондырмайды. Біздің енді жастарға көрсетіп жатқан өнегеміз. Қазақстанымызда осындай қойдың жүнінен жұқартылған, әдемі ұлттық киімдер басып жатқаныма мен өте қуаныштымын!

РКС: Сондай-ақ, облыстық тарихи-өлкетану мұражайында да музей түні өтті. Биыл көкшетаулықтар үшін көрме ашық аспан астында өтті. Келген қонақтар назарына экспонат ретінде қойылған құнды заттар жайлы айтылып, өткен жылдардың тарихына шолу жасалды.

СНХ: МАЙРАШ НӘУКЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Мұражай қорында әртүрлі үлгідегі 50-ден астам сағат бар. Соның бірі, 1878 жылы пайда болған ең алғашқы сағат. Біздің музейге 1961 жылы әкелінді.

РКС: Көрмеден бөлек, қала тұрғындарына жәрмеңке де ұйымдастырылды. Сондай-ақ, көкшетаулықтар 5510 әскери бөлімінің әскери оркестрі мен жергілікті өнерпаздардың шағын концертін тамашалады.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ