ДИКТОР: Жастарды бұқаралық спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау. Студенттердің спорттық лигасы осы мақсатты көздейді. Доданың республикалық іріктеу кезеңі Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде өтті. Солтүстік өңірден жиылған 9 команда өзара мықтыны анықтады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Көп ұзамай ойын да басталды. Қыздардың шеберлігі сырт көзге бірден байқалады. Сауатты қимылдап, допты бір-бірінің алаңына қайта-қайта бағыттап жатыр. Қарағандылық студенттер бұл додаға біраз дайындалғанын айтады. Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің намысын қорғап келген қыздар жақсы нәтиже көрсетті.

СНХ: АҚНҰР ХАМИТ, Е.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОМАНДА ОЙЫНШЫСЫ: «Арқалық» командасымен ойнап шықтық. Ең бірінші ойын болғандықтан кішкене қобалжу болды. Кейін өз күшімізді салып, өзіміздің жақсы өнерімізді көрсеттік. 3/1 есебімен «Арқалық» командасын жеңдік. Қарсылас команда өз деңгейінде ойнап шықты. Біздің жеңіске жету себебіміз – дайындығымыз. Жақсы ойын көрсеткеніміз. Сонымен қатар тренердің бізге деген көмегі.

РКС: Жалпы, жарыстың өзіндік регламенті бар. Әр өңір арнайы дивизионға бөлінген екен. Ақмола облысы Солтүстік дивизион. Сәйкесінше, додада солтүстіктегі 5 өңірдің студенттері, барлығы 9 команда бақ сынады.

СНХ: САҒЫНТАЙ ЕЛУБАЕВ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: Солтүстік регион бойынша студенттердің лигасы бойынша Қазақстанның волейбол жарысы өтті. Сол сайысқа біздің регионнан Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Арқалық, Қарағанды және Көкшетау қаласының спортсмендері, ұлдар және қыздар қатысып жатыр. Осы спортты қолдаймыз.

СНХ: ШАХАРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ: Бұл жарыс өзінің қойған мақсатына жетеді деген ойдамыз. Жалпы, университетте спортқа жақсы көңіл бөлінген. Мына ғимарат та соған дәлел. Бізде 135 халықаралық деңгейдегі спортшылар, республика, құрама командаларының мүшелері. Сондықтан спорттық деңгей өте жақсы.

РКС: Жарыс қорытындысы бойынша петропавлдық ерлер командасы мен қарағандылық қыздар құрамасы үздік үштікке кірді. Екінші орынды Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің командалары еншіледі. Басты жүлдеге Арқалық педагогикалық институты мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері ие болды.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ