ДИКТОР: Көкшетау қаласында «Күміс университет» жобасы шеңберінде осымен үшінші түлек түлеп ұшты. Бағдарламаға қатысушылар таңдаған мамандықтары бойынша 72 сағат сабақ оқығандарын растайтын сертификаттарға ие болды. Салтанатты шараға біздің түсіру тобымыз да қатысты.

РКС: Үш жылдың ішінде Көкшетауда 300-ге жуық адам "Күміс университет" жобасы бойынша білім алған. Биыл 56 мен 87 жас аралығындағы 88 түлек арнайы аттестатқа ие болды. Ең танымал курстар – компьютерлік сауаттылық, өнер және спорт бағытындағы оқулар. Сонымен қатар психология мен ағылшын тілін де жиі таңдайды.

СНХ: ЛЮДМИЛА КОТЕЛЬНИКОВА, КҮМІС УНИВЕРСИТЕТТІҢ ТҮЛЕГІ: Биыл университетте осындай тамаша жоба бар екенін білдім. Біз үшін өте жақсы мүмкіндік. Уақытымызды өте жақсы өткізу үшін, өзіміз қатарлас жаңа адамдармен танысу үшін тиімді жоба. Бұл жерде жақсы қарым-қатынас орнатып, ақпарат алысуға мүмкіндік бар.

СНХ:СВЕТЛАНА СОБОЛЕВА, КҮМІС УНИВЕРСИТЕТТІҢ ТҮЛЕГІ: Мен курс туралы біліп, университетке оқуға келіп жүрмін. Мен психология және ағылшын тілі курстарына бардым. Екеуі де ұнады. Мұғалімдеріміздің біліктілігі жоғары, жақсы білім алдық дей аламын. ағылшын тілінде сөйлеп үйрендім.

РКС: Білім ошағының басшылығы «Күміс университет» жетістігіне ұстаздар қауымының қосқан үлесі ерекше екенін атап өтті. Зейнет жасындағы жандарды оқытқан профессорлар ақшалай сертификаттармен марапатталды.

СНХ: МАРАТ СЫРЛЫБАЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: Сіздер жас ұрпақ үшін шабыттандыратын үлгісіздер. Күміс университет студенттеріне арналған авторлық курстары әзірленген және дәріс берген оқытушыларға алғысымды білдіргім келеді. Күміс университеттің бастауында тұрған тәжірибелі, белсенді ұйымдастырушы, Күміс университеттің дамуына баға жептес үлес қосып жатқан Канитаева Карима Паритовнаға да ерекше алғысымызды білдіреміз.

РКС: Үш жыл ішінде Қазақстан бойынша 70-тен аса университет «Күміс университет» жобасына қосылған. Онда 2 мыңға жуық түлек білім алды.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АКПАРАТ.