ДИКТОР: Зеренді ауданына қарасты Садовое елдімекенінің шатқалында «Своя тропа 2024» облыстық туристік слеті өтті. Туристік көпсайыстың маңыздылығын арттырып, оны дамыту. Шараның көздегені осы.

РКС: Слет қатысушылардың тактикалық және техникалық шеберлігін арттыруға және өңірдің ең мықты туристерін анықтауға бағытталған. Сондай-ақ, көпсайыстан облыстық құрама командаларын жасақтау. 19 команда қатысты. Онда аудандар мен қалалардан 150-ден астам адам қамтылды.

СНХ: ЕВГЕНИЙ ЕФРЕМОВ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Ересектер, жасөспірімдер, балалардан жасақталған команда. Жас ерекшеліктеріне қарай құралған 3 топ өткелдерден өту, көтерілу, түсу сияқты кедергілерден өтуде. Спорттық туризм бойынша өздерінің техникалық шеберліктерін пысықтайды. Оның қорытындысы бойынша Ақмола облысының құрамасы қайта жасақталады. Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын Ақмола құрамасы Алматы облысында өткен Қазақстан тау туризмі чемпионатынан жалпы есепте 3 орынға ие болып, жүлдемен оралды.

РКС: Слетке қатысушылар түрлі қашықтықты ерекше қызыңушылықпен жүріп өтіп, конкурстық шараларда да белсенділік танытты. Жарыс туристерге ұмытылмас әсер қалдырды. Ұмай Мүтәллапова тау туризмі көптеген жағымды эмоциялар береді және дене дайындығын жақсартатынын айтады.

СНХ: ҰМАЙ МҮТӘЛЛАПОВА, СЛЕТКЕ ҚАТЫСУШЫ: Маған тау туризмі ұнайды, жақсы көңіл күйге бөленемін. Командамен бірге тізбектен өткен сәт өте ерекше. Бұл өте әсерлі сәт. Әсіресе, бірге саяхаттағанда немесе жартастарға көтерілгендегі эмоцияны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

РКС: Туристік слеттің қорытындысы бойынша үш санатта жеңімпаздар анықталып, ақшалай сертификаттармен марапатталды.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МАДИНА ӘБДІКӘРІМОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ