ДИКТОР: Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдық мерейтойына орай «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауы өтті. Сайыста өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілде сөйлеу қабілетін, өнерін паш етті.

РКС: Шараның басты мақсаты - мемлекеттік тілді насихаттау, оның мәртебесін көтеру, тілді үйренуге деген ынтаны арттыру.

СНХ: ӘДІЛЖАН ӘМІРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНОМАСТИКА БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Негізгі мақсаты, бұл байқаудың мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту. Облысымызда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерін қазақ тіліне деген құрметті арттыру. Бұл байқауға аудандардан және қаладан қатысып отыр. Алыс аудандардан Жарқайың, Есіл, Жақсы. Қосшы қаласынан, Степногорсктан келіп отыр. Ерейментау, Атбасар аудандарынан бар қатысушылар.

РКС: Бірінші айналымда, қатысушылар өздерін қазақ тілінде таныстырды. Қалған үш айналымда білімдерімен сынға түсті. Олар ұяшықтағы жасырынған сөздің мағыналарын түсіндіріп, мақал-мәтелді жалғастырудан жарысты. Зарина Ахметованың мамандығы - ағылшын мұғалімі. Бала кезінен тілдерге жаны жақын қыздың арманы қазақ тілін меңгеру еді. Бүгінде ол өзінің туған түрік тілімен қатар, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

СНХ: ЗАРИНА АХМЕТОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ (АТБАСАР АУДАНЫ): Конкурс болады деген соң, бірден дайындықты бастап кеттік. Мен 3 күн қарсаңында дайындалдым. Түрік ұлты бола тұра, қазақ тілін қалай меңгердім десеңіз, ата-анамды қазақ тілінде сөйледі. Қазақ мектебіне берген. Қазақстанда тұрғаннан кейін, әр ұлт өкілі қазақ тілін білуге міндетті.

РКС: Байқау қорытындысы блйынша Есіл ауданының қатысушысы Радмила Бигужанова жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орынға атбасарлық Зарина Ахметова мен Ақкөл ауданының келген Альбина Әбдірахманова лайықты деп танылды.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ДАРХАН ДӘУЛЕТ КӨКШЕ АҚПАРАТ