ДИКТОР: Облыста су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қоғамдық 10 штаб көмек көрсетуде. Астрахан және Сандықтау қоғамдық штабтары 200-ден астам тұрғында жәрдемдесті.

РКС: Сандықтау ауданында 60-тан астам үйді су басты. Тұрғындар біржолғы өтемақы алу мен материалдық залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес ала алады. Әлеуметтік көмек төлеу үшін қажеттілік сомасы 22,5 млн. теңге.

СНХ: МЕНДІБАЙ ҚОПАБАЕВ, САНДЫҚТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ШТАБТЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Табиғи апаттан зардап шеккен 55 азаматтан өтініш түсті. 23 сәуірде 55 өтініш бойынша 20 миллион 306 мың теңгеге төлем жүргізілді. Яғни, әр өтініш берушіге 369 мың 200 теңге аударылды. Балқаш ауылдық округі бойынша 10 млн 706 теңгеге 30-ға жуық адамға төлем жүргізілді. Сандықтау ауылдық округі бойынша 5 тұрғынға 1 млн. 846мың теңге, Максимов ауылдық округінің екі азаматына 738 мың теңге көлемінде төлем жасалды.

РКС: Астрахан ауданындағы төлемдерге келсек, қазіргі уақытта Астрахан, Ескі Қалқұтан, Еңбек, Қалқұтан, Жаңатұрмыс, Ягодное, Жалтыр мен Зеленое ауылдарының тұрғындарынан 180 өтініш келіп түскен. Оның 179-на 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы көмек төленді, 1 тұрғынға төлем жасаудан бас тартылды. Қалқұтан өзеніндегі су деңгейінің төмендеуінен қоғамдық штабтың негізгі жұмысы халыққа біржолғы төлемдерге өтініштерді уақтылы толтыруға көмектесу болып табылады. Су басқан үйлердің тұрғындарына келтірілген залалды бағалау үшін 124 адамнан өтініш түскен. 34 үй апатты деп танылды. 90 үйде мүлікке сараптама, ал 36-да дезинфекциялық шаралар жүргізілді.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЗАРИНА БЕККАЛИЕВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ