ДИКТОР: Қыста тебіндей алмай аштан қырылған мал өлекселелері қазір далада шашылып жатыр. Кей ауылдарда мал қалдықтарын тастайтын, яғни өлекселерді жоятын арнайы орын жоқ. Ауыл тұрғындары өлген малдарды жинап өрттеп, кейбірі жерге көміп жатыр. Ал облыстық экология департаментінің мамандары заңсыз қоқыс орындарын жою жұмыстарын ұйымдастыру үшін Зеренді ауданына қарасты Қонысбай, Симфереполь селолық округтарына барды.

РКС: Зеренді ауданына қарасты Васильковка ауылында мал өлекселерін тастайтын арнайы орын жоқ. Қыста аштан қырылған малдар далалы жерде шашылып жатыр. Тұрғындар мал қалдықтарын сүйреп ауыл іргесіндегі қоқысқа тастап жатыр.

СНХ: СЕРІК ҚАПАРОВ, ВАСИЛЬКОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Өздеріңіз білесіздер, биыл қыс ауыр болды, азық жетпеді, уақытында ұстай алмай, малдар жүдеп, кетті біразы. Ауыл сыртында скотомагила бар, но ол ашық жатыр. Ауыл тұрғындары апарып тастап жатыр. Жабық скотомагилка жоқ, ауылға керек. Қыста косулялар келді. Оларда мына ағаш бауырында жүрді. Өлгендері көп, қазір енді көктемде иіс шығып бүлінеді ғой. скотомагила керек, өйткені ауыл болғасын кісілер жеміс жидек жинайды./

СНХ: ҚАЖЫҒАЛИ ЖАҚЫПОВ, ВАСИЛЬКОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Кім білед малдың неден өлгенін инфекция ма, аштан өлді ма? Далада тастаса оны штрафовайттау керек. Порядок болу керек. скл. көп өлген мал бар әсіресе жылқылар, сиыр жатыр, қой да бар. Шығынға батты біраз.

РКС: Қонысбай селолық округіне 4 ауыл кіреді. Ол Қонысбай, Васильковка, Гранитный, Дөңгілағаш елді мекендері. Ауылдық округ әкімі осы 4 ауылға бір мал қорымы болса дейді. Жоспарда бар болғанымен әзір аудандық әкімшілікке мал қорымын салу үшін бюжеттік өтінім бермеген.

СНХ: ЖЕҢІС БАШАРОВ, ҚОНЫСБАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: биыл қыста жұттан өлген малдарды жылқыларды осы жұмада жұмысты бастаймыз. Лесхоз, ветстанциямен бірге қосылып жұмыс атқарамыз. Өліктерді жинап, көміп тастаймыз.

РКС: Облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ағыбай Сыздықовтың айтуынша облыс бойынша 240-тан аса мал қорымы бар. Биыл тағы 9 типтік мал қорымын салу жоспарлануда. Облыстық экология департаменті, Зеренді аудандық әкімшілігі, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне заңсыз қоқыс орындарын жою жұмыстары жөнінде пресс-тур ұйымдастырды. "Қазақстан Ғарыш сапары" серіктестігі 2023 жылы облыс бойынша 789 заңсыз қоқыс орындарын анықтаған. Олардың 80 проценті жойылған.

 МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ