ДИКТОР: Көкшетауда «Ашық есік күні» өтті. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған шара барысында тұрғындар білікті мамандардан тегін құқықтық кеңес алды. Құқықтық көмек көрсетуге ерекше басымдық берілген ашық форматтағы кездесуден тілшіміз Динара Нұрмұханова баяндайды.
STAND-UP: ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ТІЛШІ: Халықтың құқықтық сауалттылығын арттыру бағытындағы жұмыстардың форматы да алуан түрлі. Әсіресе халық көп шоғырланатын жерлерде ұйымдастырудың тиімділігі жоғары. Бүгін шаһардағы ірі сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде «Ашық есік» күні өтіп жатыр.
РКС: Шараға мемлекеттік орган өкілдерімен қатар адвокаттар, нотариустер мен жеке сот орындаушылары да қатысты. Мамандар азаматтарды жеке қабылдап, қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Келушілер мүлікті рәсімдеу, мұрагерлік, салық, қарыз өндіру және атқарушылық іс жүргізу бағытындағы сауалдар жолдап, кеңестер алды.
СНХ: НҰРҚАТ БАТЫРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Бүгінде қоғамда заң үстемдігін нығайту және сыбайлас жемқорлықтың қарсы мәдениетті қалыптастыру аса маңызды. Осыған байланысты іс-шара барысында азаматтарға мемлекеттік қызмет алу кезінде өз құқықтарын білу, заңсыз әрекеттерге түзу және сыбайлас жемқорлық фактілері туындаған жағдайда тиісті органдарға жүгіну тәртібі түсіндірілуде. Мемлекеттік органдармен халық арасындағы ашық диалог сенімнің арттыру маңызды тетігі. Және өзіміздің осы халықтың арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру біздің негізгі мақсатымыз.
РКС: Келушілердің қатарында заң саласының болашақ мамандары да бар. Солардың бірі – Элеонора Далабаева. Студент Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің құқық кафедрасында білім алып жатыр. Сондай-ақ Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы волонтер ретінде қоғамдық жұмыстарға араласуда.
СНХ: ЭЛЕОНОРА ДАЛАБАЕВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен осы тегін заң көмегін алуға, өзімнің біліктілігімді арттыруға, университетте алған тәжірибемді практика жүзінде қолдануға осы іс-шараға келіп отырмын. Бұл жерден де мен өзіме қажетті сұрақтарды білікті мамандардан аламын, өзімнің білімдік денгейімді арттыра аламын, сол үшін осы жерге келіп отырмын.
РКС: Ұйымдастырушылар мұндай форматтағы іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатынын атап өтті.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ