ДИКТОР: Зеренді ауданына қарасты Азат станциясында жол жөндеу жұмыстары басталды. Қазір елді мекеннің көше-жол желісі жаңартылып, құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.

РКС: 500-ге жуық түтіні бар ауылда жол мәселесі көптен бері өзекті болып келген. Бұған дейін шұрық-тесік жол әсіресе көктем мен күз мезгілінде тұрғындардың қатынауын қиындатып, қолайсыздық тудырған еді. Енді ауылішілік жолдың жаңартылып жатқанына халық дән риза.

СНХ: АНАТОЛИЙ РОГОВСКИЙ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Мен мұнда 75-ші жылдан бері тұрамын. Біз бұл жолдың жөнделуін көптен күткен едік. Қазір міне, жұмыстың қарқынын көріп, өте қуаныштымыз. Адамдар тынымсыз еңбек етіп жатыр. Осындай игі істің қолға алынғанына ризамыз.

РКС: Құрылыс жұмыстары сәуір айында басталған. Мамандар барлық жұмыс бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатқанын айтады.

СНХ: ЖАНАТ РАХЫМБЕРДИН, «КӨКШЕТАУ ЖОЛДАРЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: Жолдың беті тегістеліп, қажетті деңгейге сай қалыпқа келтірілді. Қазір арнайы С-6 тас-құм қоспасы төселіп жатыр. Одан кейін жаңа асфальт жабындысын салынады. Барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

РКС: Бұған қоса, Зеренді, Айдабол және Заречное елді мекендерінде де ауылішілік жолдар жөнделіп жатыр. Ал аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға биыл 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Осы қаражат аясында қазір бірқатар ірі жоба қолға алынған. Олардың қатарында «Астана-Петропавл» тас жолынан Молодежное ауылына дейінгі жол, «Көкшетау - Рузаевка - Ақан» бағыты және Шағалалы ауылына кіреберіс жол да бар.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ