ДИКТОР: Қосшыда республикалық маңызы бар Aqmola индустриялық аймағын іске қосу жоспарланып отыр. Ауқымды жоба 200 гектардан астам аумақта жүзеге асады. Индустриялық аймақта сүт өнімдері мен ірімшік өндіретін, көкөніс пен жеміс-жидек өңдейтін, шыныпакеттер мен қалалық ландшафтқа арналған құрылымдар шығаратын кәсіпорындар орналаспақ. Сондай-ақ стратегиялық жобалардың бірі ретінде қалада LRT желісінің екінші кезеңін жүзеге асыру көзделген.

РКС: Аз уақытта Қосшы өңірдегі ең қарқынды дамып келе жатқан қаланың біріне айналды. Мұнда ірі инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылып, жаңа тұрғын үй кешендері, мектептер мен жолдар салынуда. Қаланың басты артықшылықтарының бірі - елордаға жақын орналасуы. Бұл өз кезегінде инвестициялық тартымдылықты арттырып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов алдағы уақытта Қосшыны ауқымды өзгерістер мен жаңа даму кезеңі күтіп тұрғанын атап өтті.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жалпы биыл осы Косшы қаласы толық газдандырады. Ол президенттің тікелей тапсырмасы бірінші кезеңді. Бұлтыр ыстықар мен Ақмола облысына келгенде президент өзі ашықпеді. Бірінші кезеңді. Қазіргі танда Мұнау қаланың күнделігі арсы осы шілдеде екінші кезеңді, ал күзде үшінші кезеңді. Сол мен толық 100 мыңға мың халықты толық газбен қамтамау мәселесі шешіледі. Және бұл жерде енді осындай біраз әлеуметтік қысымдар салынды. Мұның өзі бүгінгі біз жинақ мәжіліс өткізетін айтамыз, әлеуметтік жауапкершілігі, бизнестің президенттің тікелей тапсырмасы мен салынып отырған орталық. Жалпы қазіргі Мұнау Қосшы қаласында 3 ауысымды мектеп оқушы жоқ. Бірақ та енді қазір саны өсіп келе жатыр.

РКС: Республикалық маңызы бар Aqmola индустриалды аймағындағы барлық жобаны жүзеге асыру кезеңінде 10 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. 2030 жылға қарай жергілікті билік шаһарға Астана агломерациясының негізгі даму орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. «Жібек жолы» инновациялық-индустриалды паркін жүзеге асыратын қытайлық компания негізгі инвестор болады. Жобаға сәйкес олар жаңартылатын энергия көздеріне арналған жиынтықтарды, жабдықтарды және сыртқы материалдарды өндіреді. Сондай-ақ дата-орталығы салынады.

СНХ: АСХАТ АХМЕДЬЯНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Астана агломерациясының айналасында 4 индустриалды аймақ құрылады. Олар Аршалы, Шортанды Целиноград аудандары мен Қосшы қаласында орналасады. 200 гектардан астам аумақты алатын индустриалды аймақта әзірге инвестициялық 6 жоба орналастырылады. Оның бесеуі – қазақстандық жергілікті инвестор, біреуі Қытайдан. Бұл жоба негізгі болады. Бірінші кезеңіндеинвестиция көлемі 600 миллион доллардан асады. Теңгеге шаққанда 345 миллиард теңге.

РКС: Шаһар тұрғындары үшін маңызды жобаның бірі - 1,5 мың оқушыға шақталған жаңа мектептің құрылысы. Білім ошағы қажетті жабдықпен толық жарақтандырылады. Оқушылар үшін жайлы жағдайдың бәрі жасалады.

СНХ: АЗАМАТ БАЙҚУАНЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Барлық жабдық заманауи, барлық жаңа стандартқа сай. Мына жерде жобаның қалай жүзеге асатыны жайында жалпылама көрініс көрсетілген. Қазіргі уақытқа дейін жобалық жұмыстар аяқатлды. Маусымның бірінше сараптамаға жіберіледі. Осыған дейін де айтылды. Жоба жаңа үлгі бойынша жүзеге асырылуда. Жобалық жұмыстардың аяқталғанын күтпейміз. Жұмысты бастай береміз.

РКС: Қосшыда жолдардың инфрақұрылымы да даму үстінде. Әсіресе жол құрылысына ерекше мән беріліп отыр. Қолға алынға жобалардың бәрі жоспарлы түрде жүріп жатыр,-дейді жобаға жауаптылар. Нысандарда 20-дан астам техника мен инженерлік-техникалық құрамның 30 маманы еңбек етуде.

СНХ: ЖАНАТ МҰҚАШЕВ, ЖОБА БАСШЫСЫ: Аталған жоба аясында Тоныкөк, Арқалық, Күлтегін және Қашқари көшелерінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы ұзындығы 5 шақырымға жуық. Жол бөлігінің ені 7 метр. Екі жағындағы жаяу жүргіншілер жолының ені 1,5 метрден. Жобаға 19 көше енгізілген. Жалпы ұзындығы 17 шақырымға жуықтайды.

РКС: Соңғы 3 жылда жоба аясында қос қабатты асфальт жабындысы бар 15 көше салынды. Келер жылға дейін жолдарды жөндеу толығымен аяқталмақ.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМА,ҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ