ДИКТОР: 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні. Осы айтулы датаға орай жаңа Жағалау бойында отбасылық старт ұйымдастырылды. Отбасылық бірлікті нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шараға 10 отбасы қатысып, өзара бақ сынасты. Олар 10 кезең бойынша тартысты ойын өрнегін көрсетті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Процак әулеті жылда отбасылық спорттық шараларды қалт жібермеуге тырысады. Андрей мен Анастасия кәсіби спортшылар. Одан бөлек, олар мектеп қабырғасында дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Мұндай шараларға қатысу арқылы Процак әулеті салауатты өмір салтын насихаттап жүр.

СНХ: АНДРЕЙ ЖӘНЕ АНАСТАСИЯ ПРОЦАК, ОТБАСЫЛЫҚ СТАРТҚА ҚАТЫСУШЫ: Біз отбасы мүшемізбен споршымыз. Жолдасым футболшы. Мен әлі күнге дейін баскетбол ойнаймын. Әрқашан салауатты өмір салтын ұстанып, спортты қолдаймыз. Жыл сайын түрлі жарысқа қатысуға тырысамыз. Қызымыз да түрлі үйірмеге қатысады. Мәселен, шахмат пен жүзуді ұнатады. Кішкентайынан екі баламызға да спортқа деген сүйіспеншілікті дарытып келеміз.

РКС: Ал, Сәниевтер әулеті мұндай отбасылық шараға алғаш рет қатысып отыр.

СНХ: ЗАМИРА СӘНИЕВА, ОТБАСЫЛЫҚ СТАРТҚА ҚАТЫСУШЫ: Осындай іс-шаралар көп болсын деп тілеймін. Риза болып отырмыз. Осындай шара арқылы отбасылық құндылық дәріптеледі. Біз жиі осы жағалау бойында велосипедпен серуендейміз.

РКС: Отбасы күніне орай ұйымдастырылған бұл "Отбасылық старт" - жанұя мүшелерінің арасындағы ынтымақты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және балалар мен ата-аналарды спортқа баулуға бағытталып отыр, - дейді ұйымдастырушылар.

СНХ: ЕРІК МҰРАТБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Осындай жарыстар бізде жылына екі рет өтеді. 15-ші мамырда және 15-ші қыркүйек күні. 15 қыркүйек - Қазақстан Республикасының отбасы күні. Бұл отбасылар барлық қаладағы мекемелер арасында жиналған. Өтінішті 15 отбасы берді. Келесі іс-шара 15-ші қыркүйек өтеді.

РКС: Шара соңында эстафета жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және арнайы грамоталармен марапатталды.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ