ДИКТОР: Зеренді ауылында академик, жазушы, Кеңес Одағының батыры, даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллинді еске алуға арналған қазақ күресі балуандарының турнирі өтті. Бозкілемге еліміздің бірнеше аймағынан келген үміткерлер қатысып, күш сынасты.

РКС: Батыр атындағы турнирге күш сынасуға келген жасөспірім балуандардың жүздері бал-бұл жанады. Бәрі де Зерендіден ауылдарына жүлдемен оралуды мақсат еткен.

ИНТЕРШУМ: БЕЛДЕСУДЕН СӘТ

СНХ: ҚАЙЫРБЕК ҚАЛИБАЕВ, АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: ҚР Спорт Министрлігінің күнтізбесіне енген осынау турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 330 балуан келді. Алғашқы күні бес салмақ бойынша күштілер анықталды. Бүгінгі финалдық белдесуге ең мықтылар шығады. Жарыстың мақсаты, даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллиннің есімін мәңгілікке сақтап, қазақ күресінің бұқаралығын арттыру.

РКС: Әр салмақ дәрежесінде өз күштілері бар. Техникалық шеберліктері жетілген жасөспірімдер жеңімпаз және жүлдегер атанды.

СНХ: САМҒАТ МАҚСАТҰЛЫ, ТУРНИР ЖҮЛДЕГЕРІ (ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ): Мен Целиноград ауданының балуанымын. Мәлік Ғабдуллин турниріне осымен үшінші рет қатыстым. Бапкерім Олжас ағай, жақсылап баптап әкелді. Соның нәтижесінде жүлдегер атандым.

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Турнирде бұла күші бұлқынған жасөспірім балуандар...

РКС: Мәлік Ғабдуллин турнирінде қазақ күресінің балуандары 38 және 75 келі салмақтарда күш сынасты. Жерлестеріміз Тимур Ильчибеков, Серік Берік, Мәди Мұхамед, Егор Чипуров, Расул Ұланов және басқа да спортшылар жеңімпаз атанды.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ