ДИКТОР: Осы күндері топан судан келген шығындардың мөлшерін есептеп, өтеу шаралары басталып кетті. Облысымыздың бірнеше ауданының елді мекендеріне қызыл су кіріп, жүздеген отбасы қиын жағдайға тап болған. Уақыт өте жағдай бір қалыпқа келіп, тұрғындарға жан-жақтан көмектер көрсетіліп жатыр.

РКС: Бұл - Есіл ауданына қарасты Двуречное ауылы. Мұнда су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда. Ерке Есілдің суы тасып, салдарынан аталмыш елді мекендегі 13 жеке тұрғын үй су астында қалған болатын. Облыстық төтенше жағдай жөніндегі департамент мамандары және жергілікті атқарушы орган өкілдері 35 адамды эвакуациялаған. Сонымен қатар, үй жануарлары да қауіпсіз жерге көшірілді.

СНХ: БАУЫРЖАН ЖОЛДАСОВ, ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде Двуречное ауылында 5000-нан астам қапшық төселіп, 500 метрден астам үйінді нығайтылды және тұрғызылды. Бұл жұмыстарға Облыстық төтенше жағдай жөніндегі департаментінің 150-ден астам қызметкері, 15 бірлік техника, жергілікті атқарушы орган өкілдері және Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары жұмылдырылды.

РКС: Ал, Атбасар ауданында 300-ге жуық аула мен 280 үй су астында қалған. Оның 175-сі Атбасар қаласында болса, қалған 105-і ауылдардағы баспаналар. Бүгінге дейін 204 үйдің суы сорылды. Аудан бойынша 200-ге жуық адам, 900-ден аса мал эвакуацияланған. Әлеуметтік төлемақы алу туралы 214 өтініш түсіп, 134-і бойынша өтемақы толық берілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

ИНТЕРШУМ: Жаңа қимадағы көпір

РКС: Есіл өзенінің арнасынан асуы салдарынан Жаңа Қима селолық округіндегі аудандық маңызға ие Қима-Терісаққан тас жолында орналасқан көпірдің бір бөлігі опырылып қалған болатын. Сәйкесінше, автокөліктердің жүруіне шектеу қойылды. Салдарынан сол маңда орналасқан ауылдарға қатынау қиынға соғып тұр. Одан қалды, көпір жанындағы 100 мың гектар алқапқа егін егу уақыты шегерілді.

СНХ: МҰРАТ МЕЙРАМОВ, «ЕРКІНДІК АГРО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Ол Жақсы ауданының жалпы егіс алқабының 20 пайызын құрайды. Сөз бар ғой көктемнің бір күні бір жыл бойы асырайды деген. осы бүгін бірінші техника келіп тұр. Олар біздің ауылшаруашылық техникамызды, тұқымымызды, жанар-жағар майымызды судың ар жағында өткізіп беретін жағдайлары бар.

РКС: Қазіргі таңда Есіл өзені бойындағы Қима ауылында пантондық өткел орнату үшін аумақты және өзен арнасын зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, Сандықтау ауданында 10 елді мекенді су басу қаупі бар. Ол жерлерде 460-қа жуық адам тұрады. Аудандықтар төтенше жағдайға дайынбыз деп отыр. Мұз жару жұмыстарына аудандық бюджеттен 2 миллион теңге бөлінген. Инертті материалдар мен жанар-жағар қоры да дайын.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК КӨКШЕ АҚПАРАТ