ДИКТОР: Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде түлектердің білім ошағы ұстаздарымен кездесуі өтті. Бірнеше жылдан кейінгі кездесуде оқу орнының түлектері оқытушыларға ризашылықтарын білдіріп, құрмет көрсетті.

РЗК: Іс шарада алдымен колледж түлектеріне алғыс хаттар табысталып, одан соң келген түлектер вокалды-аспаптық ансамбльде өнер көрсетті. Халық аспаптарында әсем шығармаларды ойнап, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.

СНХ: ФАТИМА ОМАРОВА, ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: 2008-2023 жылдар аралығында оқу орнын аяқтаған түлектердің кездесуі өтуде. Олар педагог, мәдени шараларды ұйымдастырушы, ұлттық аспаптар жетекшісі мамандығын аяқтаған. Басты мақсатымыз біздің ұлттық, төл өнерімізді насихаттау.