ДИКТОР: Өнер-халықтікі. Осы сөзді ұран еткен Алматы қаласының Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театры Көкшетауға гастрольдік сапармен келді. Олар 24-ші сәуірден бастап ақмолалықтарға әр түрлі жанрдағы спектакльдерді қойып жатыр. Күні кеше театр ұжымы Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат, қызық мол жылдар" шығармасын "Көкшетау" мәдениет сарайында көкшелік көрерменге тарту етті.

ИНТЕРШУМ:Спектакльдің басталуы

РКС: Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Әзілхан Нұршайықовтың қаламынан туған "Махаббат, қызық мол жылдар" романы - талай жанның жүрегіне жеткен керемет туынды. Ал, спектакль режиссері Фархад Молдағали өзінің режиссурасымен сахналанған бұл қойылым арқылы өнер сүйер қауымның жүрегінен ерекше орын тапты. Оның нәтижесі - бүгінгі көрерменнің сұранысы мен жылы лебізі. Ербол мен Меңтай кейіпкерлері арқылы жас ұрпаққа адал дос, албырт көңіл және шынайы сезім ұқсас екенін түсіндірмек болғандай.

ИНТЕРШУМ: Спектакльден үзінді

СНХ: ЖАНМАРАЛ БҮРКІТХАН, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Көңілімнен шықты. Көзімізге жас алдық. Осыған дейін кітабын оқып бір күшті әсерде болған едім. Қойылым одан қатты ұнады. Актерлардың ойыны ұнады.

РКС: Көкшетаулық көрерменнің қарасы қалың, қошеметі шексіз болды. Театр әртістері өздерінің кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді.

ИНТЕРШУМ: Көрермендердің қошеметі

РКС: Гастрольдік сапармен келген 50-ге жуық театр әртістері Көкшетау тұрғындарына 4 спектальді сомдамақ.

СНХ: ДАРХАН СҮЛЕЙМЕНОВ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ: Жалпы бұл спектакльдердің халыққа берері көп. Спектакльдің ішіндегі ең бір ерекше, Көкшетау халқына ерекше әсер беретін спектакль ол "Құлагер" спектакілі болу керек деп ойлаймын. Ақан Серінің өзінің сүйікті жылқысы, аты. Құлагерді бұл жерде тек қана Ақанның құлагері емес, қазақтың құлагері деп сомдалған спектакль.

РКС: Жалпы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры кішкентай көрермендерге де арналған қойылымдарын ұсынуда.

СНХ: АЙНҰРЖАН ОРЫНБАСАРОВА, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ: Көкшетау қаласына тек қана үлкендерге арналған спектакль ғана емес, кішкентай балаларға да "Кішкентай ханзада" спектаклімен келіп отырмыз. Жалпы, ол ерекше ертегі. Тек қана балаларға ғана емес, үлкендерге де арналған. ол жерде айтатынымыз бала мен үлкендердің арасындағы байланыс. Ненің маңызды екенін және баланың көзқарасы ерекше екенін, үлкендер соған мән берсе екен деген оймен. Балалар да, үлкендер де Алматыда қалай көрсе, солай Көкшетау көрермендеріне ұнап отырған секілді. Өйткені, балалар бір ерекше бір эмоциялармен қабылдап жатыр. Біз өзімізде рахаттанып ойнаймыз эмоцияға тола.

РКС: Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрының ұжымы көкшетаулық көрермендердің ыстық ықыласын ескере, өздерінің репертуарларындағы інжу-маржан саналатын қойылымдарды 27-ші сәуірге дейін ұсынбақ.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ