ДИКТОР: Красный Яр ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері, халық ақыны Көкен Шәкеевтің 100 жылдығына арналған тоғызқұмалақтан дәстүрлі турнир өтті. Аталған іс-шара биыл 22-ші рет ұйымдастырылып отыр.

РКС: Тоғызқұмалақ турниріне 10 мектептен 70 қатысушы жиналған. Ұлттық ойынның жас жанкүйерлері өз өнерлерін барынша көрсетуге тырысты. Дәстүрлі турнирге қатысушылардың бірі – Гүлмира Мәмет.

СНХ: ГҮЛМИРА МӘМЕТ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: Менің тоғызқұмалақ ойнап жүргеніме 1-2 айдың көлемі ғана болды. Маған қатты ұнайды. Мұндай жарысқа алғаш рет қатысуым. Өте қызықты, тоғызқұмалақ ойлау қабілетімді, математиканы жақсартады. Тоғызқұмалақ ойнаңдар деп кеңес беремін.

СНХ: АМАНГЕЛДІ РЫСПАМБЕТОВ, ТУРНИРДІҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Балалар өз өнерлерін ортаға салуда. Көкен Шәкеев атамызды еске алуға арналған іс-шара жылда өтеді. Бұл ақынның шығармашылығымен танысу және тәрбие деп білемін.

РКС: Дәстүрлі турнирге Көкен Шәкеевтің туған туысқандары да арнайы келген.

СНХ: ЗАЙРА ШӘКЕЕВА, КӨКЕН ШӘКЕЕВТІҢ ҚЫЗЫ: Бұл іс шара 1999 жылдан яғни әкемнің көзі тірісі кезінен өтуде. Алғаш өткен жылы әкем турнирді көріп, өте риза болған еді. Бұл жалғасын табатын іс шара деп ойлаймын.

РКС: Турнир соңында жеңімпаздарға Шәкеевтер отбасы атынан спорттық құрал-жабдықтар мен басқа да сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, Көкен Шәкеевтің кітаптары сыйға тартылды.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, КАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.