ДИКТОР: Мамыр айының алғашқы онкүндігі облыс аумағында тұрақсыз ауа райы сақталмақ. Жиі жаңбыр жауып, қар түсуі мүмкін. Кей күндері күн күркіреп, дауыл болады. Түнде ауа температурасы 0, +5 градустан +5, +10 градусқа дейін болса, күндіз термометр бағамы +5, 10 градустан 15,20 градусқа дейін көтерілуі ықтимал. Мамырдың 20-сынан былай қарай күн ақырындап жылынады. Түнде 10,18, түнде 25,35 градус жылы болмақ. Ауаның орташа айлық температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады. Жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде жауады.

СНХ: ЛАРИСА ГОНЧАРОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ: Алдағы 3 күнде облыс аумағына солтүстік-батыс циклонының суық ызғары әсер етеді. Кей жерлерде жаңбыр жауып, кейбір аудандарда қар түсуі мүмкін. Күнделікті ауа температурасы құбылмалы болады. Түнде 0, +5 кей жерлерде +3,+8, ал күндіз +12, +17 градустан +5, +10 градусқа дейін төмендеу ықтималдылығы бар.