ДИКТОР: Жаһандық цифрландыру заманында отандық нарықта инновациялық жаңашылдықтар енгізілуде. Солардың бірі - "AlaqanMektep" қазақстандық биометриялық сервисі. Жоба биылғы оқу жылының басынан өңір мектептерінде сынақтар сәтті өтті. Қазіргі уақытта бұл жүйе М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназияда енгізілеген.

РКС: Білім беру мекемелерінде биометрияны қолдану - көптеген мәселелерді шешудің тиімді әдісі. Мектепке бөгде адам кіре алмайды, оқушылардың сабаққа келуін қадағалау мүмкіндігі артады. Қызмет алақандағы тамырларды анықтау арқылы жұмыс істейді. Саусақ іздері қажет емес.

СНХ: АРДАҚ АХМЕДЖАНОВА, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ № 3 КӨПСАЛАЛЫ ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 2023 жылдың қыркүйегінде "Alaqan" пилоттық жобасы енгізілді. Облыста бұл бастаманы біздің мектеп алғашқы болып қолдаған. Биыл наурыз айында біз "Alaqan" жүйесін толығымен енгіздік. Енді турникет арқылы жүз пайыздық өту бар. Әр оқушының келу және кету уақытын қадағалай аламыз.

РКС: Жүйе арқылы оқушылар кітапханадан кітап алып, оны қайта тапсыра алады. Алақанын сенсорға қойып, асханада тамаққа төлейді. Сондай-ақ, ата-аналарда баланың мектепке келу және кету уақытын көру мүмкіндігі бар. Мобильді қосымша арқылы асхана мәзірі мен шығынын қадағалайды.

СНХ: НӘЖІМЕДЕН НҰРАЛИН, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: Мұның бәрі мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы жоспарының 82 тармағын іске асыру шеңберінде жасалып отыр. Онда мектепке кіруді, асханада ақы төлеуді және кітапхананың цифрлық білім беру ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін сәйкестендіру карталарын енгізу қажет делінген. Ата-аналар жиналысы өткізіліп, барлық артықшылықтары түсіндірілді. Сәуір айынан бастап бұл жүйе басқа да мектептерде орнатыла бастады.

РКС: "AlaqanMektep" - білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және оқу процесін цифрландыруға мүмкіндік беретін бірыңғай жүйе.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ