ДИКТОР: Құқық қорғау органдарының цифрлық жүйелерінің жұмысымен танысу үшін Ақмола облысына министрліктер мен ведомстволардың делегациясы келді. Оның құрамында Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов Бас прокуратура, цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қаржы министрлігі, "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамы, ішкі істер министрлігі өкілдері бар.

РКС: Жедел басқару орталығында делегация техникалық жүйелерге, үздіксіз бейнебақылау жүйесіне, "Омниканальдық", "Әлеуетті таксист", "Цифрлық қызметкер" сервистеріне, "Қорғау", "KazTool" қосымшаларына, онлайн режимде смартжетондарға қашықтан қосылуға талдау жүргізді. Облыстық прокуратурада министрліктер мен ведомстволардың өкілдерімен кездесу өткізді. Онда әкімшілік құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде жасайтын адамдарды анықтауға, талдау жүргізуге, құқық бұзушылармен профилактикалық жұмысты тиімді жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық жүйе таныстырылды.

СНХ: ДӘУЛЕТ ШӘКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Полиция департаменті цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Учаскелік полиция инспекторларының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қарастырылуда. Құжаттаманы толығымен цифрландыру жобасы "Цифрлық қызметкер" деп аталады. «НПО Перспектива» серіктестігімен бірлесіп, жұмыс жүргіземіз. Презентация болды. Жоба қазірдің өзінде 80 процент жұмыс істеп тұр. №2 Учасчелік полиция пункті базасында пилоттық жоба жүргізілуде. Бірнеше күннен кейін олардың жұмысы толығымен электронды форматқа ауысады.

РКС: Сапар барысында жұмыс тобына облыстық полиция департаменті базасында бухгалтерлік және кадрлық есеп жүргізу процесін цифрлық автоматтандыру ұсынылды. Сондай-ақ, "EkinPatrolG2", "АвтоУраган-МС" жылжымалы мобильді кешендері, "PelcoVideoXpert" жүйесі, мобильді байланыс кешені, радиобайланыс құралдары, пилотсыз ұшу аппараты, антидрон және т.б. түріндегі материалдық-техникалық база таныстырылды. Сонымен қатар, делегация құрамы "Азаматтарға арналған үкімет" облыстық филиалында болып, онда "Жеке тұлғаның биометриялық сәйкестендіруі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің және штаттық режимде жұмыс істейтін цифрлық құжаттау терминалының жұмысы ұсынылды.

СНХ: ДӘУЛЕТ ШӘКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Елдімекендерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдар Жібек Жолы кентінде 96 камера орнатуға қаражат бөлді. Бұл жоба аяқталу сатысында болған. Қазіргі уақытта кент бойынша 17 камера орнатылған. Бұл камералардың барлығы кенттік полиция бөліміне жеткізілді. Онда шағын жедел басқару орталығы құрылды. Барлық камералар сол жерге шығарылды. Жоба биыл маусым айының соңында аяқталады.

РКС: Үздіксіз бейнебақылау жұмысымен, адам мен оның жүгін жеке тексеру үшін орнатылған рентген-телевизиялық жабдықпен танысу мақсатында жұмыс тобы Гранитный кентіндегі және облыс орталығындағы Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қарауындағы мекемелерге барды. Сапар соңында делегация Щучинск қаласы полиция бөлімінің кезекші бөлімінің қызметімен танысты. Бұдан басқа, цифрлық кешендердің, "Бұлтты бейнебақылау", "CyberPol" жобасының жұмысына талдау жүргізілді. Сондай-ақ инспекцияның алдын ала қорытындылары шығарылды.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ